конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Әзербайжан Иранды дронмен шабуылдағаны үшін айыпта...

Әзербайжан Иранды дронмен шабуылдағаны үшін айыптап, жауап қайтаратынын айтты

Әлем 05.03.2026, 14:39 471
Әзербайжан Иранды дронмен шабуылдағаны үшін айыптап, жауап қайтаратынын айтты
видео скрині

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі 5 наурызда Нахчыван Автономиялық Республикасының аумағына Иран тарапынан дрон шабуылы жасалғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ведомствоның хабарлауынша, бір ұшқышсыз аппарат әуежай терминалы ғимаратына тиген, тағы бірі мектеп маңына құлаған.

Әзербайжан СІМ мәліметінше, 5 наурыз күндіз Нахчыван Автономиялық Республикасының аумағына Иран Ислам Республикасының аумағынан ұшқышсыз аппараттар арқылы шабуыл жасалған. Бір дрон Нахчыван қаласындағы әуежай терминалының ғимаратына түскен, екіншісі Шакерабад ауылындағы мектеп ғимаратының маңына құлаған.

«Біз Иран Ислам Республикасының аумағынан жасалған бұл дрон шабуылдарын қатаң айыптаймыз. Соның салдарынан әуежай ғимараты зақымданып, екі бейбіт тұрғын зардап шекті. Әзербайжан Республикасының аумағына жасалған бұл шабуыл халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттарын бұзады әрі өңірдегі шиеленістің күшеюіне ықпал етеді», – делінген мәлімдемеде.

Министрлік Ираннан оқиғаға қатысты жақын уақытта нақты түсініктеме беруді, тиісті тергеу жүргізуді және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап еткен.

Сонымен қатар Әзербайжан тарапы «тиісті жауап шараларын қабылдау құқығын өзінде қалдыратынын» мәлімдеді.

Хабарламада Иранның Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моджтаба Демирчилудың СІМ-ге шақырылғаны, иран тарапына қатаң наразылық білдіріліп, тиісті нота тапсырылатыны да айтылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әзербайжан #Иран
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бір тәулік ішінде 1 675 рет жол ережелері бұзылғаны анықталды

Бүгін 08:13

Алматыда ALMATY SUMMER FEST сахнасында Шәмші Қалдаяқовтың әндері шырқалды

Кеше 18:00

Таңдау өз қолымызда: алматылықтар алдағы сайлау туралы не ойлайды

Кеше 17:03

Кедергісіз сайлау: Алматыда әрбір сайлаушы үшін қолжетімді орта қалай қалыптастырылуда

Кеше 16:09

Есептен шығару куәлігінен үйде дауыс беруге дейін: Алматы сайлаушылары нені білуі маңызды

Кеше 16:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);