AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Әзербайжан Қазақстан Президентінің бастамасын қолд...

Әзербайжан Қазақстан Президентінің бастамасын қолдайды

Саясат 13.09.2024, 16:25 2,687 Nursok82
Әзербайжан Қазақстан Президентінің бастамасын қолдайды
Gov.kz

Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Әзербайжанның Денсаулық сақтау министрі Теймур Мусаевпен кездесті.

Қазақстандық дипломат екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейі мен динамикасын атап өтті. Елші емдік туризм мақсатында Әзербайжанға келетін қазақстандықтар санының жыл сайын артып келе жатқанына, өз кезегінде Әзербайжан азаматтарының Қазақстанның медициналық оқу орындарында табысты білім алып жатқанына назар аударды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Әзербайжандық министр екі ел арасында денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды дамыту үшін үлкен әлеуеттің бар екендігін атап өтті. Т. Мусаев елдеріміз дәрі-дәрмектерді өндіру бойынша бірлесіп жұмыс істей алар еді деген пікірін айтты. Сонымен қатар, Министр медициналық мекемелерді аккредитациялау және сапасын бақылау саласындағы қазақстандық табысты тәжірибені зерделеуге және Әзербайжанда енгізуге қызығушылық білдірді.

Елші Ә. Байел қазақстандық компаниялардың Әзербайжанда, оның ішінде Қарабақта медициналық нысандардың құрылысына атсалысуға дайын екенін мәлімдеді. Министр Т. Мұсаев бұл бастаманы оң қабылдап, осы бағытта ынтымақтастық жасауға дайын екендіктерін жеткізді. 

Кездесу барысында Т. Мұсаев Әзербайжанның Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі елдер коалициясын құру туралы бастаманы қолдайтынын атап өтті. Медицина саласын халықарылық деңгейде дамытуға бағытталған бұл бастаманы Мемлекет басшысы 2023 жылғы 23 қазанда өткен Алматы декларациясының 45 жылдығына және Астана декларациясының 5 жылдығына арналған жаһандық конференция барысында ұсынған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#елші #денсаулық сақтау #келісім #саясат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);