AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Автобустағы әдеби кеш: Жолаушылар жыр оқыды

Автобустағы әдеби кеш: Жолаушылар жыр оқыды

Мәдениет Бүгін 18:53 48
Автобустағы әдеби кеш: Жолаушылар жыр оқыды

Бүгін Шымкент көшелерінде ерекше автобустар жүруде. Сырттағы жаңбырлы ауа райына қарамастан, қоғамдық көлік іші нағыз рухани жылылыққа толды. Жолаушылар жол бойы жай ғана қатынап қоймай, классиктердің туындыларымен сусындап, викториналық ойындарға қатысты.

Айта кетейік, бұл «Әдеби автобус» акциясын Ұлттық кітап күніне орай қалалық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырып отыр. Шымкентті жырмен тербеткен осы бір ерекше атмосфераны әріптесім Ботагөз Ануардың сюжетінен көрейік.

Сыртта көктемнің нөсері, ал автобус ішінде нағыз рухани жылылық. Бүгін шымкенттік жолаушылар үшін әдеттегі жол сапары күтпеген жерден мерекеге ұласты. Қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұжымы айтулы күнді кабинетте емес, халықпен бірге өткізуді жөн көрген. Мұндай ерекше тарту қала тұрғындарына бірден ұнап, таңғалыстарын жасыра алмады.

«Кіргеннен автобустың іші мүлдем басқаша. Қандай мереке деп өзім таң қалып қалдым. Өте тамаша керемет».

«Жалпы таңертеңге жақсы әсер етті десем болады. Көңіл күйім көтеріліп, жақсы көңіл күйдемін».

Автобус іші нағыз зияткерлік алаңға айналды. Мұнда жолаушылар тек жыр тыңдап қана қоймай, әдеби викториналық ойындарда бақ сынады. Ұйымдастырушылар қазақ әдебиетінің інжу-маржандары мен классикалық шығармаларға қатысты арнайы сұрақтар дайындаған. Әрбір дұрыс жауап үшін кітапханашылар арнайы сыйлықтар үлестіріп, жолаушылардың таным көкжиегін кеңейте түсті. Сондай-ақ, кітапханашылардың орындауындағы әуезді ән де жол бойы толастамады.

Ерекше акциядан тұрғындар да қалыс қалмады. Тіпті, жолаушылар тарапынан отты өлеңдер оқылып, жақында ғана дүниеден өткен қазақтың біртуар ақыны Мұхтар Шахановты тебірене еске алды.

ГҮЛМИРА АСҚАРБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Шахановтың өлеңін оқиын. Кешегіде дүниеден өтті ғой. Қазақтың біртуар ақыны.Мен туралы ойладың ба бақтарда, Құстар әні күйше шулап жатқанда?Ойладың ба мені келіп қалад деп, Бір жолаушы есігіңді қаққанда».

Бұл игі шара 2014 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отрысында «Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы — кітап оқу» деп қадап айтқан болатын. Осы жиында Президенттің бастамасымен 23-сәуір — Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Бүгінгі «Әдеби автобус» жобасы да — сол салиқалы саясаттың көрінісі, яғни жас ұрпақты білімге баулудың заманауи үлгісі.

РАЙХАН ӘБДІКЕРІМОВА, ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ: «Бұл жобаның мақсаты — оқу мәдениетін қалыптастыру. Ана тілімізді, әдебиетімізді дәріптеу. Жас ұрпақты білімге баулу».

Айта кетейік, қазір жасөспірімдер кітапханасында 186 мың кітап пен 20 мыңға жуық оқырманы бар.

Ботагөз Ануар

Телеграм арнаға жазылыңыз
#автобус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Бүгін 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Бүгін 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Бүгін 19:08

Астанада кітапханалар желісі кеңейіп, оқырман саны 100 мыңға жетті

Бүгін 19:01

Әскери борышын өтеген мыңнан астам сарбаз грант иегері атанды

Бүгін 18:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика