«АВРОРА» – СЕНІМ МЕН САПАНЫҢ КЕПІЛІ

«АВРОРА» – СЕНІМ МЕН САПАНЫҢ КЕПІЛІ Сурет: Расул Бахамов

Халықаралық амбицияға ие отандық бренд

Елімізде өндірістік секторға баса назар аударылуда. Бұл салаға айтарлықтай үлес қосып отырған отандық кәсіпорындардың бірі – «Аврора» компаниясы. Өз қызметін тұрмыстық химия, косметикалық өнімдер және медициналық тауарлар өндіру саласында жүргізетін кәсіпорын 15 жылдан бері Қазақстан нарығында жетекші орынға ие.

«Аврора» компаниясы 2010 жылы құрылып, бастапқыда тұрмыстық химия мен жеке күтімге арналған өнімдер шығарумен айналысты. Біртіндеп өндіріс ауқымы кеңейіп, компания косметика және медициналық тауарлар нарығына да салым сала бастады. Бүгінде ол кең көлемде өндіріс жүргізетін, халықаралық стандарттарға сай өнім шығаратын, заманауи технологияларды қолданатын кәсіпорынға айналды.

Қазірдің өзінде «Аврора» елдегі ірі өндіруші ғана емес, халықаралық амбицияға ие отандық бренд ретінде белгілі. Заманауи жаңа технологиямен жабдықтау компанияны жоғары өндірістік қуатқа ие еткен. Бұған қоса кәсіпорынның сапаны бақылау жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Нақты мақсат пен сенімді қадам

Компания бірнеше негізгі бағыт бойынша қызмет атқарады. Нақтырақ айтсақ, тұрмыстық химия, парфюмерия және косметикалық өнімдерді сату. Бұл – бүкіл отбасыға арналған тұрмыстық қажеттіліктер, өзін-өзі күтуге арналған тауарлар және дезинфекциялық құралдар. Аврора өнімдерінің басты ерекшелігі – олардың экологиялық тазалығы мен қауіпсіздігі. Бұл компанияның басты мақсаты тұтынушыларға сапалы әрі адам денсаулығына зиянсыз өнімдерді ұсынуға баса назар аударуы. Барлық тауарлар халықаралық стандарттарға сәйкес мұқият зертханалық тексерулерден өтіп, жоғары сапа талаптарына толық жауап береді. Сонымен қатар, клиенттерге ыңғайлы болу үшін кең ассортименттерін ұсынуда. Әрбір өнім күнделікті тұрмысқа қажеттілікті ескере отырып таңдалып, заманауи технологиялар негізінде әзірленеді. Компания мақсаты – адамдардың өмірін жеңілдететін, қауіпсіз әрі сапалы өнімдер ұсыну. Тұтынушылардың сенімі мен қанағаттануы маңызды болғандықтан компания үшін сапа мен экологиялық тазалық – басты басымдыққа ие.

Халықаралық сапа стандартына сай

Компанияда заманауи автоматтандырылған өндіріс желілері бар. Бұл технологиялар өнім сапасын жақсартып қана қоймай, өндіріс тиімділігін арттырады. Сапа бақылауы бірнеше кезеңнен тұрады:

Шикізатты тексеру – өндірісте қолданылатын барлық материалдар халықаралық стандарттарға сай болуы керек.

Өндіріс процесін бақылау – әрбір өнім белгіленген технологиялық талаптарға сәйкес жасалады.

Қаптаманы тексеру – дайын өнімнің қаптамасы, таңбалануы және жарамдылық мерзімі мұқият тексеріледі.

Аврора өнімдері ЭКО және Халал сертификаттарынан өткен, бұл олардың сапасы мен қауіпсіздігін дәлелдейді. Компания өкілдері жақын арада тұрмыстық химияның жаңа өнімдерін – «Freya», «Qasper», «Klarita»  сынды жаңа өнімдерін нарыққа шығаруды жоспарлап отырғандарын жеткізді.

 Нәтижелі жетістіктер

Компанияның негізгі тауарлар желілеріне мыналар кіреді:

· Akmasept – қолдарға арналған антисептик;

· Avrora Home Perfume – хош иісті диффузорлар;

· Effect, Washer – тұрмыстық химия;

· BooBoo – 2024 жылы шығарылған жаңа балалар сериясы.

 Ұтқыр ұжым

Компанияның жетістігі оның қызметкерлеріне тікелей байланысты. «Аврора» өндірістік кешенінде көптеген мамандар еңбек етеді. Солардың бірнешеуімен тілдесіпте үлгердік.

Мухлиса Абдулаева, химик-аналитик:

Мен зауытта химик-аналитик болып жұмыс істеймін. Жұмысқа кіргелі бері 7 ай уақыт өтті. Менің негізгі міндетім – өндірілетін өнімдерге толықтай аналитикалық зерттеу жүргізу, қаптаманы тексеру және жарамдылық мерзімін бақылау. Жұмыс маған өте ұнайды, жоғары жауапкершілікті талап етсе де тез үйреніп кеткен жұмысым болды.

Нұрқажы Бекежан, машинист:

Мен бұл зауытта 7 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Менің міндетім – өндірістік жабдықтарды қосу, өшіру, іске қосу және матрицаларды ауыстыру. Мен арнайы оқу орнын бітірмесем де, осы салада жұмыс істеу маған қатты ұнайды. Кәсіби тұрғыдан дамуға мүмкіндік көп.

Қызметкерлердің пікірі «Аврора» компаниясының жұмыс жағдайының жоғары деңгейде екенін көрсетеді.

«Аврора» компаниясы Қазақстан нарығында сенімді әрі сапалы өнім өндіруші екендерін және басты бәсекелестік артықшылықтары: жоғары сапа, қолжетімді баға, экологиялық қауіпсіздік, жаңашылдық екенін көрсетті.

Компания Қазақстандағы ең ірі және сенімді өндірістік кәсіпорындардың бірі. Ол заманауи технологияларды, жоғары сапалы шикізатты және кәсіби мамандардың еңбегін біріктіре отырып, тұтынушыларға ең сапалы өнімдерді ұсынуда. Компанияның әлеуметтік жауапкершілігі, қызметкерлерге жасайтын қолайлы жағдайлары және үздіксіз дамуға деген ұмтылысы – оның табысты дамуының басты факторлары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
3
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:22

16:15

15:54

15:11

14:41

14:22

13:53

13:09

12:44

12:02

11:06

10:40

10:05

17:15

15:05

15:05

14:41

14:14

13:43

13:13

12:52

12:12

11:34

11:06

10:45