Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ауыр сөмкенің орнына енді оқушылар мектепке планше...

Ауыр сөмкенің орнына енді оқушылар мектепке планшет тасуы мүмкін

Білім және ғылым 01.11.2022, 06:58 1,722
Ауыр сөмкенің орнына енді оқушылар мектепке планшет тасуы мүмкін
Сурет: Ernur.kz

Оқушылардың ауыр рюкзактарын планшеттер ауыстырады.


Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.



«Әріптесім Асхат Қанатұлы ұсынғандай, «ауыр рюкзактар» мен мектептердегі цифрландыру деңгейін арттыру мәселелері планшет қолдану арқылы кешенді шешімін табуы мүмкін. Планшеттер цифрлық оқулық ретінде немесе үйден онлайн білім алу құралы ретінде қолдануға оң әсерін тигізеді.  Көріп отырғандай, мұндай әдіс бірқатар дамыған елде, оның ішінде Ұлыбритания, Норвегия, Оңтүстік Корея және Түркияның мектептерінде жақсы нәтижеге әкелді. Бұған қоса, оқушылар үшін шығармашылық пәндер бойынша өз контентін жасауға мүмкіндік береді. Аталған елдерде осы шешім негізінде өңірлер арасындағы «Цифрлық» теңсіздікті төмендетуге, оқушылардың рюкзактарын жеңілдетуге мақсат қойылды», - деді Бағдат Мусин.



Сонымен қатар Мусиннің айтуынша, оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп 2023 жылдың соңына дейін мектептерге арналған локалды және Wi-Fi желілердің стандартты талаптарын, жұмыс тәртібі мен топологияларын бекіту ұсынылады.



«Сонымен бірге, министрлік мектептер үшін байланыс операторларының бірыңғай байланыс орталығын құруды қолға алатын болады. Ал әкімдіктер 2023 жылдың соңына дейін әр мектеп ішінден локалды желінің болуын қамтамасыз етуі қажет», - деді Цифрлық даму министрі.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқушылар #планшет #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр, көктайғақ пен тұман: 8 наурызда ауа райы қандай болады?

Бүгін 10:20

Тоқаев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Бүгін 08:04

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Кеше 22:23

Әзербайжан президенті Тоқаевқа алғысын білдірді

Кеше 22:15

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Кеше 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі