AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ауылдарды дамытуға 900 млрд теңге бөлінді

Ауылдарды дамытуға 900 млрд теңге бөлінді

Әлеумет 19.03.2024, 05:43 876 Almaty-akshamy.kz. 
Ауылдарды дамытуға 900 млрд теңге бөлінді
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Биыл ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға 900 млрд теңге бөлінді.


Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 





«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасын іске асыру ауылдық жерлерге жеке инвестициялар тартуға оң әсерін тигізуде. Министрлік тарапынан 2023 жылы бюджет қаражаты шығыстарының тиімділігіне талдау жүргізілді. Мысал ретінде, Түркістан облысының Төле би ауданының 16 ауылы 3,5 млрд теңгеге бюджеттен қаржыландырылды. Осы ауылдарда 21,2 млрд теңгеге 40 жобаны іске асыруға жеке инвестиция тартылды. Осылайша, 1 бюджеттік теңгеге 6 жеке инвестиция теңгесі тиесілі екенін көріп отырмыз. Ал Ақмола облысының Жақсы ауданының 6 ауылына 1 бюджеттік теңгеге 3 жеке инвестиция теңгесі тартылды», - деді ол.




Министр ауылдық аумақтарды дамытуға инвестиция салатын жеке кәсіпкерлердің маңызды рөлін де атап өтті.



«2023 жылы кәсіпкерлер өз қаражаты есебінен ауылдық жерлерде мектептер, шипажайлар, балабақшалар, демалыс орындары және басқа да нысандар салды. Министрлік тарапынан жыл сайын барлық қаржы көздері есебінен ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін қаражатқа мониторинг жүргізіледі. Мәселен, 2023 жылы республикалық және жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ басқа да қаржы көздерінен шамамен 1 трлн. теңге әлеуметтік, инженерлік, көліктік инфрақұрылымды, қоғамдық және экологиялық қауіпсіздікті дамытуға бағытталған. Биыл бұл мақсаттарға шамамен 900 млрд теңге жоспарланған», - деді Нұрлан Байбазаров.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауыл #дамыту #теңге
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);