конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ауылда қызметкерлеріне арнап үй салған жұмыс беруш...

Ауылда қызметкерлеріне арнап үй салған жұмыс берушілер 5 млн теңгеге дейін субсидия алады

Әлеумет 06.01.2024, 08:55 1,357
Ауылда қызметкерлеріне арнап үй салған жұмыс берушілер 5 млн теңгеге дейін субсидия алады
Сурет: ашық дереккөз

Ереже 2024 жылдың 15 қаңтарынан бастап күшіне енеді



Мемлекет басшысының ауылдық жерде өз жұмыскерлеріне баспана салуға жұмыс берушілердің шығынын өтеу туралы тапсырмасын орындау мақсатында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі субсидияның тиісті қағидасын әзірлеп, бекітті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Бекітілген ережеге сәйкес ауылда, кентте немесе ауылдық округте жалға берілетін тұрғын үй салған жұмыс берушілер 5 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде мемлекеттік субсидия ала алады.


Бұл 75-тен 100 шаршы метрге дейінгі тұрғын үй құрылысының шығынын жабады.


Субсидия алу үшін жұмыс берушілер қызметкермен 5 жылға еңбек шартын жасасуы, сондай-ақ пайдалануға берілген тұрғын үйге ауыртпалықтардың болмауын қамтамасыз етуі қажет.


Бұл ретте аумағында жұмыс берушілер тұрғын үй салуды жоспарлайтын ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тізімдерін жергілікті атқарушы органдар айқындайды және бекітеді.


Аудан орталықтарының және облыс орталықтары, моно және шағын қалалары бар немесе агломерациялардың, функционалдық қалалық аудандардың құрамына кіретін 30 километрге дейінгі жақын орналасқан ауылдық округтердің тізімдеріне, ауылдарына, кенттеріне, ауылдық округтеріне енгізуге жатпайды.


Бекітілген ереже 15 қаңтардан бастап, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күннен кейін күшіне енеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауыл #қызметкер #Субсидия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);