AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы...

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасын іске асыру басталды

Медицина 11.09.2023, 11:40 1,512
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасын іске асыру басталды
Сурет: Qyzyljarnews.kz

Үш жыл ішінде 655 денсаулық сақтау объектісін салу және 32 ауданаралық аурухананы жаңғырту жоспарланған.


Бұл туралы Мәжілісте «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстыру кезінде Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Биыл «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасын іске асыру басталды. Бекітілген ұлттық жобаға сәйкес, 2023-2025 жылдары 655 денсаулық сақтау объектісін салу және 32 ауданаралық аурухананы жаңғырту жоспарланған. Бұл 4 млн-нан астам ауыл тұрғындарын мамандандырылған медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыруға 2024 жылға арналған бюджет жобасында құжаттаманың әзірлігін ескере отырып, 35,1 млрд теңге қарастырылған», - деді А. Бейсенбекұлы.



Оның айтуынша, халық санының ұлғаюын ескере отырып, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында шығыстар 2,2 трлн теңгені құрады.


Бұдан бөлек вице-министр 2024 жылы республикалық бюджеттің спорт, туризм және мәдениет салаларын дамытуға арналған шығыстары 298 млрд теңге көлемінде жоспарланғанын айтты. Оның ішінде жоғары жетістіктерге негізделген спортты дамытуға, мәдениет және архив ісі ұйымдарының жұмыстарын қамтамасыз етуге, мәдениет, өнер әрі спорт салаларында дарынды балаларды оқытуға және тәрбиелеуге, туризм мен туристік қызметті дамытуға, сондай-ақ Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын өткізуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#денсаулық сақтау #Ұлттық жоба #ауыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);