AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қарсы міндет...

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қарсы міндеттемелер енгізіледі

Әлеумет 26.12.2024, 12:35 1,149
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қарсы міндеттемелер енгізіледі
Сурет: АШМ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің тапсырмасын орындау аясында ауыл шаруашылығын субсидиялаудың тиімділігін анықтау үшін Министрлік қарсы міндеттемелерді өзектендіру бойынша жұмыс жүргізіп, субсидиялау ережелеріне үш бағыт бойынша өзгерістер енгізді.

Бұл өзгерістер агроөнеркәсіптік кешеннің (тауарлар немесе қызметтер) жалпы өнімінің көлемін ақшаға шаққанда өткен жылғы деңгейден өсіруді немесе сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған қарсы міндеттемелерді енгізуді қарастырады, деп хабарлайды akshamnews.kz АШМ-ге сілтеме жасап. 

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушісінің міндеттемелерді орындау деңгейі Мемлекеттік субсидиялау ақпараттық жүйесінде тіркеледі.

Егер міндеттемелер қатарынан 2 жыл бойы орындалмаса, субсидия алу үшін өтінім беру мүмкіндігі тоқтатылады.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің «Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы салалары бойынша субсидиялау бағыттары аясында қарсы міндеттемелер қабылдау жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және жұмыс тобын құру туралы» бұйрығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы салалары бойынша субсидия алушылардың қарсы міндеттемелер қабылдау пилоттық жобасы жүзеге асырылды.

Пилоттық жобаны іске асыру нәтижесінде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және баға құбылмалылығының нақты өндіріс өсіміне әсерін жою, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нақты өндіріс көлемін айқындау мақсатында ҚР АШМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қарсы міндеттемелер қабылдау механизмін талқылау мақсатында ҚР «Атамекен» ҰКП Президиумы агроөнеркәсіптік кешен мүшелерінің қатысуымен АШМ кеңес өткізді.

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бағыттары бойынша субсидиялар алу кезінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қарсы міндеттемелер қабылдау механизмін талқылау жөніндегі кеңес хаттамасында 2024 жылға белгіленген бағаны пайдалану арқылы қарсы міндеттемелер қабылдау механизмін жүзеге асыру ұсынысы мақұлданды.

Сондай-ақ қарсы міндеттемелерді бірінші рет орындамаған жағдайда субсидияға өтінім беру мүмкіндігін 1 жылдан кейін, ал қайтадан орындамаған жағдайда 2 жылдан кейін қайта жандандыру ұсынысы мақұлданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыл шаруашылығы #тауар өндірушілер #міндеттемелер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Тұран» университетінде XV Turan Model United Nations 2026 конференциясы басталды

Бүгін 09:37

Сенбіде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Бүгін 09:30

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Кеше 18:52

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Кеше 18:28

Мемлекеттік басқаруда жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру және цифрлық шешімдерді ауқымдау

Кеше 18:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика