Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-ті субсидиялаудың...

Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-ті субсидиялаудың жаңа жүйесін әзірледі

Әлеумет 30.06.2022, 09:42 1,178
Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-ті субсидиялаудың жаңа жүйесін әзірледі
Сурет: Inform.kz

Бұл жүйе фермерлер мен жалпы мемлекет үшін оң әсер ететін болады.


Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің негізгі талабы - субсидиялау көлеміне байланысты абоненттік төлем түрінде алынатын субсидиялау тетіктеріне қолжетімділік үшін ақыны алып тастау болып отыр. Бұл заңды талап, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.



«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қолдау (субсидиялау) шаралары мемлекеттік қызметтер болып табылатындықтан тегін көрсетілуі керек. Бұл қызметтерді 200 мыңнан астам агроқұрылым алып отыр», - делінген АШМ баспасөз қызметінің хабарламасында .



Пандемияның басында ай сайынғы төлемді біржақты көтеру кезеңінде фермерлерге субсидия алу тиімді болмады, өйткені төлем мөлшері субсидияның көп бөлігін құрады немесе одан асып түсетін.


Осыған байланысты фермерлерге балама ұсыну мақсатында 2021 жылдың соңынан бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «АӨК мемлекеттік субсидиялаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін» (МСБАЖ) әзірлеп жатыр.


Бұл жүйе фермерлер мен жалпы мемлекет үшін оң әсер ететін болады. Біріншіден, бұл жүйеде АӨК субсидиялау бойынша барлық мемлекеттік қызметтер электрондық форматта көрсетіледі. Екіншіден, фермерлер үшін субсидиялау қызметтері тегін болмақ, яғни қосымша ақы алынбайды.


Мал шаруашылығы, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы, инвестсубсидиялау және басқа да бағыттар бойынша барлық қызметтер әр түрлі ақпараттық жүйелерде емес, бірыңғай жүйеде көрсетіледі.


Сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардан (фермерлерден) субсидияларды алудың орындылығын растау үшін қосымша анықтамаларды талап ету қажеттілігі жойылады, өйткені талап етілетін ақпарат интеграция арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады деп көзделіп отыр. Қазіргі уақытта өтінім берілген сәттен бастап субсидия төленгенге дейін субсидиялау бойынша көрсетілетін қызметтерді техникалық пысықтау аяқталды. Субсидиялардың барлық түрлері бойынша автоматты есеп айырысуларды пысықтау жұмыстары аяқталуға жақын (96 паспорт). Автоесептеу модулі өтінімді қабылдау кезеңінде қолданыстағы НҚА сәйкес, адами факторсыз тиесілі төлемді есептеуге мүмкіндік береді, - делінген ақпаратта.


2022 жылдың 1 шілдесінде жүйе іске қосылып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тіркеуге дайын болады. Қызмет алушылардың өтініші үшін бірыңғай 1475 қысқа нөмір ашылды. Сондай-ақ пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін Телеграмм-чат құрылды.


Субсидиялаудың неғұрлым тиімді тетіктерін іске асыру үшін МСБАЖ -ны өндірістік қуатқа шығару жөніндегі жұмыс көрсетілетін қызметті берушілермен (әкімдіктер) және көрсетілетін қызметті алушылармен (фермерлер) тығыз байланыста жалғасатын болады.


Жүйе туралы толығырақ бүгін сағат 20:30-да 24.kz телеарнасының эфирінде ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік қызметтерді дамыту және цифрландыру департаментінің бас сарапшысы Жақсылық Еркінбек егжей-тегжейлі айтып береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АШМ #Қазақстан #Субсидия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық ғалымдар: ғылымға бөлген ақша – елдің болашағына салған инвестиция

Бүгін 14:01

Алматының Бас жоспары аумақтарды кешенді түрде жаңғыртуды көздейді – қала әкімінің орынбасары

Бүгін 12:39

Қазақстан су тапшылығын ЖИ-мен еңсермек: Алматыда DeepBAS жобасы таныстырылды

Бүгін 12:36

Алматы хайуанаттар бағында үш кенгуру төлі дүниеге келді

Бүгін 12:29

Ақ халатты абзал жандарға алғыс: №7 қалалық аурухана дәрігерлері науқас өміріне араша түсті

Бүгін 12:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика