AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша деректер базас...

Ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша деректер базасы жаңартылды

Әлеумет 22.04.2025, 17:40 879
Ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша деректер базасы жаңартылды
Сурет: Gov.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы жануарларының санын нақтылау мақсатында «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру» ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді түзету бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.

Бұл жүйеде малды тіркеу, қайта тіркеу, есептен шығару және орын ауыстыру рәсімдері жүргізіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Деректер базасын техникалық жетілдіру аясында келесі форматтық-логикалық бақылау функциялары енгізілді:

«Төлдеу» себебі бойынша ІҚМ тіркеу: бұзауды міндетті түрде аналық малдың ЖСН-мен байланыстыру енгізілді. Бұл жануардың шығу тегін нақты есепке алуды қамтамасыз етіп, деректер енгізу кезінде қателіктерді болдырмайды.

«Жеке тұтыну үшін сойылды» себебі бойынша есептен шығару: рәсімдерді кешіктіріп орындаған жағдайда айыппұл салу тетігі іске қосылды. Бұл жануарлардың негізсіз есепте тұруын болдырмай, уақтылы есептен шығаруды қамтамасыз етеді.

Сатып алу-сату рәсімдері: меншік құқығын беру функциясы жаңартылды. Бұл мәмілелерді рәсімдеу дәлдігін арттырып, «анықталмаған» малдың жинақталуына жол бермейді.

Вакцинация кезінде шектеулер: вакцинаның қолданылу кезеңінде кейбір операцияларды жүргізуге тыйым салынды. Бұл жалған мәмілелерді болдырмай, ветеринариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Союдан кейінгі етті сақтау функциясы: етті ұзақ мерзімге сақтау үшін жөнелтуді тіркеу мүмкіндігі енгізілді. Бұл сараптама актілерін қолдану арқылы ашықтықты және бақылауды арттырады.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыл шаруашылығы #деректер базасы #жаңарту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

Кеше 22:00

«Алматы кештері» музыкалық кеші өтті

Кеше 20:57

Алматыда Сыдық Дәулетовтің «Нар жолы» кітабы таныстырылды

Кеше 20:52

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйімен танысты

Кеше 19:31

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйімен танысты

Кеше 18:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);