Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ауыл мұғалімі «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-тың үз...

Ауыл мұғалімі «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-тың үздік университетінің докторантурасына түсті

Білім және ғылым 08.09.2022, 14:00 1,472
Ауыл мұғалімі «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-тың үздік университетінің докторантурасына түсті
Сурет: Ашық дереккөзі

29 жыл ішінде білім саласы үшін 1058 маман шетелде даярланды


Алматы облысы Жібек Жолы ауылындағы орта мектептің математика пәнінен мұғалімі Маржан Ержан «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-тың докторантурасында оқитын болады. «Болашақ» стипендиаты Оңтүстік Калифорния университетінде білім саласындағы басқаруды зерттейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Ата-анамның жолын қуып, ұстаз болсам деген арман пайда болды. Ауыл мектебінде математикадан сабақ беремін, көпбалалы отбасыдан балаларға ағылшын тілін тегін үйретемін. Өзім де ауыл мектебін бітірдім. Шетелде оқуға мүмкіндігім болады деп ойламаппын. «Болашақ» бағдарламасының арқасында отандастарымыз әлемнің үздік жоғары оқу орындарында академиялық білім алып, ғылыми дәреже алуға мүмкіндік алды. АҚШ-тың докторантурасын бітіргеннен кейін еліміздің білім саласын дамытуға өз үлесімді қосқым келеді», – деп атап өтті Маржан Ержан. 



«Болашақ» халықаралық стипендиясы жүзеге асырылып келе жатқан 29 жыл ішінде білім саласы үшін 1058 маман шетелде даярланды. Қазіргі таңда олар бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істейді. 


Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 14 қазанына дейін «Болашақ» бағдарламасымен академиялық оқу мен тағылымдамадан өтуге құжаттар eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталында қабылданады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#болашақ #білім #мұғалім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 16:02

Алматыда жүргізушілер көлігінің шығарындысын тегін тексере алады

Бүгін 15:59

Суасты сырлары: Алматыда ерекше көрме ашылды

Бүгін 15:49

«Тumar tunes» – атты « Тumar KBTU» оркестрінің есептік концерті өтеді

Бүгін 15:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика