конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ауыл мұғалімдерін қолдау бойынша стратегиялық құжа...

Ауыл мұғалімдерін қолдау бойынша стратегиялық құжатқа қол қойылды

Білім және ғылым 31.01.2024, 14:22 1,347 Almaty-akshamy.kz. 
Ауыл мұғалімдерін қолдау бойынша стратегиялық құжатқа қол қойылды
Сурет: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті HertsCam Network және Teachers Lab ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды.


Естеріңізге салсақ, Қазақстан мен Ұлыбританияның білім беру мекемелері арасындағы байланысты нығайту мақсатында HertsCam Network желісінің директоры Дэвид Фрост Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне келген болатын. Нәтижесінде, тараптар білім мен ғылым саласында стратегиялық әріптес болуға келісті. Меморандумға қол қою рәсімі Алматыдағы UNESCO кеңсесінде өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Құжатта жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылым, мәдениет және өнер, ғылыми-зерттеу салаларындағы ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттары көрсетілген. Сондай-ақ тараптар оқу, әдіснамалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттырады.


Құжаттың маңызды бөлігінің бірі – ауыл мұғалімдерін қолдау, атап айтқанда олардың кәсіби дамуына жағдай жасау. Ол үшін «Ауылдық мектеп шамы» жобасы іске асатын болады. Жоба мұғалімдердің көшбасшылық қасиеттерін дамытуды, сондай-ақ британдық тәжірибе негізінде заманауи коллаборация моделін әзірлеуді, ауыл мектептері мен педагогикалық университеттің арасындағы байланысты нығайта түсуді көздейді. Бұл тәжірибе одан әрі Қазақстанның басқа да аумақтарына ауыл мектептерін дамыту мақсатында таратылатын болады.


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанай ауыл мұғалімдеріне жобаны таныстыру үшін Алматы облысындағы 6 білім ошағын аралаған болатын. Онда ұстаздармен кездесіп, жоба туралы егжей-тегжейлі баяндады.


Айта кетейік, жоғары білім мен ғылымды дамыту және ауыл мұғалімдерін қолдау бойынша үшжақты меморандумға UNESCO-ның қолдауымен қол қойылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұғалім #Меморандум #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды ЕҚДБ президентімен Алматының инфрақұрылымын дамыту мен жаңа жобаларды талқылады

Кеше 18:04

«Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының I конференциясы өтті

Кеше 16:51

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

Кеше 16:47

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

Кеше 16:44

Алматыда Future Makers Festival аясында АҚШ-тың Тәуелсіздік күні аталып өтеді

Кеше 16:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);