AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Аутизмі бар балаларға арналған арнайы дамыту бағда...

Аутизмі бар балаларға арналған арнайы дамыту бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

Әлеумет 26.10.2022, 09:38 2,286
Аутизмі бар балаларға арналған арнайы дамыту бағдарламасы қалай жұмыс істейді?
almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту министрлігі Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


 Орталық директоры Әйгерім Кудеринова Алматының «Қабылдау үйінде» 27-28 қазан күндері "Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқу процессіне енгізу: тарихы, мәселелері және даму болашағы" атты тақырыпта ғылыми-практикалық конференциясы өтетінін айтты. Оның негізгі мақсаты - арнайы және инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерін талқылау. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 460 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді.


Конференция жұмысына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, отандық және шетелдік жетекші ғалымдар, білім басқармалары мен білім бөлімдерінің мамандары, арнайы білім беру ұйымдарының директорлары мен мамандары, ҮЕҰ өкілдері, ЖОО оқытушылары және педагогтар қатысады. 


«e-Ymdau»  ымдау тілі бойынша бейнесөздік - білім беру жүйесінде негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларының оқу материалын игеру процесінде ымдау тілін пайдаланатын сурдоаудармашыларға, мектеп, ЖОО оқытушыларына және күнделікті өмірде ымдау тілін пайдаланатын естімейтін азаматтарға арналған толықтырылатын интерактивті деректер базасының таныстырылымы өтетін болады. 


 Брифинг барысында диагностика-кеңес беру бөлімінің меңгерушісі, психология ғылымдарының кандидаты Әлия Ерсарина психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін оңалту орталықтарының, түзету кабинеттерінің, арнайы және жалпы білім беретін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының психологтарына арналған «Аутизмі бар балаларға арналған арнайы дамыту» бағдарламасы жайында айтты. Бұл бағдарламаны ата-аналарды аутизмі бар баланы дамыту жұмысына тарту мақсатында қолдануға болады.  



«Бұрын мұндай бағдарламалар болмағанын айта кетейін. Бұл бағдарламаны әзірлеудің қажеттілігі мен өзектілігі елімізде аутизммен ауыратын балалар санының жыл сайын көбеюімен байланысты. 2021 жылдың соңғы деректері бойынша аутизм белгілері 8 796 баладан анықталды», - деді А.Ерсарина.



 Сонымен бірге конференция барысында «Онтогенез барысында ана тілі жүйесінің қалыптасуы» атты монография таныстырылады. Бұл туралы орталықтың аға ғылыми қызметкері Алмагүл Сейсенова айтты. Оның айтуынша, монографияда сөйлеу тілі онтогенезінің лингвистикалық және психологиялық негіздері, нақты айтатын болсақ, ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың ана тілін меңгерудің теориялық мәселелері, бала тілінің даму кезеңдері, ана тілінің фонетикалық жүйесінің онтогенез барысында қалыптасуы, яғни баланың дыбыс айтуының пайда болуы, фонематикалық естуінің дамуы, сөздің буындық құрамын меңгеруі, ерте жастағы балалардың сөздік қорының қалыптасуы, мектепке дейінгі жастағы баланың сөздік қорының дамуы және сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын меңгерудің кейбір аспектілері айқындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аутизм #Алматы #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);