AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Аустралияда робототехникадан өткен чемпионатта алм...

Аустралияда робототехникадан өткен чемпионатта алматылық оқушылар жеңімпаз атанды

Білім және ғылым 15.07.2024, 19:05 1,042 аlmaty-akshamy.kz.
Аустралияда робототехникадан өткен чемпионатта алматылық оқушылар жеңімпаз атанды
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанның Sana Team құрамасы FIRST Tech Challenge категориясы бойынша Asia Pacific Open Championship халықаралық чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Еліміздің атынан "Білім-инновация" лицейі мен Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушылары: Дарын Смайыл, Арнар Дәулетқұл, Әділ Тұрсынғали, Аббас Пахридин, Осман Акипбек, Асылхан Ыбырай, Ілияс Әшіралин, Алдияр Дәулетұлы, Жанайым Сабыржан, Ғазиза Кунгожина қатысты.

Жарысқа 11 елден барлығы 400-ге жуық бала қатысты. Финалдық кездесуде қазақстандық мектеп оқушылары БАӘ командасымен одақтасып, жеңіске жету үшін күресті.

 

Екі күннің қорытындысы бойынша оқушылар екі марапатқа ие болды: Finalist Alliance Captain және Motivate Award номинациясында бірінші орын.

"Алғашқы екі күнде біз жеңіліссіз алға шықтық. Ойынның соңғы күні қиынырақ болды, бірақ финалға өттік. Біз робот ойынында жақсы өнер көрсетіп қана қоймай, қазылар алқасының алдында өз портфолиомызды қорғай алғанымызға өте қуаныштымыз", - дейді команда капитаны Дарын Смаил.

Еске салайық, команда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation қоры мен "Дарын" РҒПО ұйымдастырған Central Asia FIRST Championship Орталық Азия чемпионаты кезінде әлем чемпионатына жолдама алған болатын. Чемпионатта жеңіске жету біздің оқушылар үшін әлемдік жетекші жоғары оқу орындарына грант алуға жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқушы #жеңімпаз #роботехника
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Дональд Трампты туған күнімен құттықтады

Бүгін 12:51

Алматыда Almaty Summer Fest жобасының екінші концерті өтті

Бүгін 11:32

Бүгін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күн құбылмалы болады

Бүгін 11:29

«Алаяқтардың басты қаруы – адамның сенімі»: интернеттегі қауіптен қалай қорғанамыз?

Кеше 17:19

10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

Кеше 17:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);