Australian Open: Рыбакина әлемнің 2-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға өтті

  • 11:01, 28 қаңтар 2026
Australian Open: Рыбакина әлемнің 2-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға өтті ҚТФ

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 2-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекке тап келді. Азулы қарсыластар осыған дейін өзара 11 рет кездесіп, соның алтауында Швентек жеңген еді.

Бұл жолы теннисшілер ойынды брейк алмасумен бастады. Дегенмен есеп 6:5 болған мезетте Рыбакина брейк жасай білді – 7:5. Екінші сетте Елена бірден алға кетті – 2:0. Содан кейін бет қаратпай, матчты эйспен түйіндеді – 6:1.

Бір сағат 35 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 11 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. 

Елена Рыбакина финалға шығу үшін америкалықтар, әлемнің 4-ракеткасы Аманда Анисимова немесе рейтингіде 6-орындағы Джессика Пегуланың жеңгенімен ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:50

18:47

18:29

18:08

17:45

17:31

17:22

17:13

17:00

16:49

16:42

16:30

16:30

16:26

16:15

16:01

15:55

15:41

15:34

15:20

15:04

15:02

14:55

14:55

14:43