AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Australian Open-2023: Елена Рыбакина чемпион атағы...

Australian Open-2023: Елена Рыбакина чемпион атағына ие бола алмады

Спорт 28.01.2023, 11:31 1,494
Australian Open-2023: Елена Рыбакина чемпион атағына ие бола алмады
Сурет: Sportmail.ru

Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салған еді. 


Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалында дүниежүзілік рейтингіде 5-орында тұрған Беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салды, деп хабарлайды Almaty-akshmy.kz Sports.kz сілтеме жасап.


Бұған дейін қазақстандық теннисші Уимблдон чемпионы атанса, қарсыласы «Үлкен дулыға» турнирінің финалына алғаш рет шығып отыр.


Спортшылардың екеуінің де бойлары ұзын, олар доп бергенде, эйсті көп жасайды әрі соққыларын қайтару қиын. Алғашқы екі геймде солай болды да. Дегенмен, есеп 1:1 болған мезетте қазақстандық теннисші брейкпен алға шықты. Белоруссиялық спортшы қайыра брейк жасап, таразы басын теңестірді – 4:4. Бұдан кейін Елена Рыбакина тағы бір брейкпен бірге өз геймін ала білді – 6:4.


Екінші партияда А. Соболенко брейкпен алға кетті – 3:1. Сосын өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3.


Үшінші, шешуші сетте есеп 3:3 болған мезетте белоруссиялық теннисші брейк жасай алды. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.


Осылайша, А. Соболенко алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы атанды.


Бас-аяғы 2 сағат 29 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Е. Рыбакина 9 брейк жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 17 эйс, 3 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теннис #жарыс #Елена Рыбакина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);