Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Әуезов ауданындағы 81 аумақта жарық беру жүйесі ор...

Әуезов ауданындағы 81 аумақта жарық беру жүйесі орнатылды

Барлығы 08.10.2025, 12:00 438
Әуезов ауданындағы 81 аумақта жарық беру жүйесі орнатылды
Алматы әкімдігі

Алматының Әуезов ауданында бұрын жарық желілері мен бағана болмаған 81 аумақта алғаш рет сыртқы жарықтандыру жүйесі іске қосылды. Бұл тұрғындар үшін маңызды жаңалық. Талай жыл бойы қараңғы болып келген аулалар мен көшелер енді жарық, жайлы және қауіпсіз бола түсті. Бұл туралы Әуезов ауданының әкімдігі хабарлады.

Жобаны «RKR Group and Co» ЖШС жүзеге асырды. Оның аясында 828 заманауи шам орнатылды: соның ішінде 507-і көше бойына, 321-і аулаларға арналған торшерлі шам. Жаңа электр желілерінің жалпы ұзындығы 15 шақырымнан асты. Барлық негізгі жұмыс аяқталды, мердігер ұйым ұсақ-түйек ескертулерді реттеп жатыр. 

Бұдан бөлек, әлі де жарықтандыру толық қамтылмаған аумақтарға ерекше көңіл бөлініп отыр. Атап айтқанда, бұл Саин, Абай, Момышұлы, Төле би, Жандосов және Райымбек сияқты ірі магистральдар. Бұл көшелердің толық жарықтандырылуы Алматы қаласының қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша іске асырылатын жобалары аясында қамтамасыз етіледі. Уақытша шешім ретінде мұнда 203 кронштейн шамы орнатылған.

«Бұл жоба ауданның дамуы үшін маңызды қадам. Біз тек шам орнатумен шектелмей, қалалық ортаның сапасын жақсарттық. Енді көше мен аула қауіпсіз әрі заманауи. Барлық жоспарланған жоба аяқталған соң ауданның сыртқы жарықтандыру деңгейі 100%-ға жетеді», – деді Әуезов ауданы әкімдігінің коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ерсұлтан Жұмаханов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әуезов ауданы #Жарық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі