AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әуезов ауданындағы 161 аулада құрылыс-монтаждау жұ...

Әуезов ауданындағы 161 аулада құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде

Әлеумет 14.09.2023, 04:39 982
Әуезов ауданындағы 161 аулада құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде
Сурет: Almaty.tv

Әуезов ауданын абаттандыру біздің басты назарымызда - Досаев


Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Аула аумақтарын күрделі жөндеу аясында аудандағы 161 аулада құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 118 аулада жұмыстар аяқталды, қалған 43 аула осы жылдың қараша айының соңына дейін аяқталады (19 аула (9,10, Жетісу-1 шағын аудандары) қазан айында және 24 аула (7,12 шағын ауданы) – қараша айында).


Сонымен қатар, 58 аулада ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды (1,2, Аксай-1,2,3Б,4 шағын ауданы, мердігер – «GSA» ЖШС). Толық аяқталуы биылғы жылдың қазан айының соңына жоспарлануда.



«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында 12 үйде шатыр мен инженерлік желілер жөнделді. 10 үйдегі 15 лифт ауыстырылды. Қалған 15 үйді жөндеу және 17 үйдегі 70 лифтіні ауыстыру осы жылдың қараша айының соңында аяқталады.


Қоғамдық кеңістіктерді одан әрі дамыту мақсатында Ақсай-4 шағын ауданындағы скверді абаттандыруды жоспарлап отырмыз (22,2 млн. тг. бөлінді). Жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан осы жылдың қараша айында шығады деп күтілуде. Сондай-ақ, 11 қоғамдық кеңістік бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталуда. Мемлекеттік сараптама осы жылдың қазан айында шығады деп күтілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың II-ші тоқсанында басталып, IV тоқсанда аяқталады», - деді қала әкімі Ерболат Досаев.



Анықтама үшін: 11 жобаның ішінде тұрғындарға арналған спорт алаңдарын, аға буынға арналған тренажер снарядтарын салу, Жетісу-1 және 3 шағын аудандарында көгалдандыру мен орындықтар орнатуды көздейтін жоба бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әуезов #кездесу #әкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Кеше 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Кеше 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Кеше 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Кеше 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Кеше 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);