Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әуезов ауданында қоғамдық қауіпсіздікті арттыру қо...

Әуезов ауданында қоғамдық қауіпсіздікті арттыру қолға алынған

Әлеумет 13.10.2022, 04:07 1,068
Әуезов ауданында қоғамдық қауіпсіздікті арттыру қолға алынған
Сурет: Kolesa.kz

 Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру


Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Аудан халқымен кездесуде шаһар басшысы қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне, әсіресе, Әуезов ауданындағы жол қауіпсіздігіне жеке тоқталып өтті.


Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, қалада тіркелген жол-көлік оқиғалары көлеміндегі ауданның үлесі 14%-ті құрады. 2620 жол-көлік оқиғасының 375-і осы ауданда тіркелген.



«Азаматтар өтініштеріне жүргізілген талдауды ескере отырып, Мұхамеджанов пен Фуркат көшелеріндегі көлік құралдары қозғалысының қарқынын реттеу шаралары қабылданды», - деді қала әкімі.



Автомобильдердің жылдамдығын төмендету мақсатында Мұхамеджанов пен Исаев көшелері қиылысына 2 жасанды жол кедергісі және 4 жол белгісі орнатылды.


Фуркат көшесінің бойына Төле би-Шымбұлатов учаскесінде жол белгілері қойылып, «Тоқтауға тыйым салынған» белгісі орнатылды.


Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері Жандосов (3), Момышұлы, Шаляпин, Алтынсарин , Өтеген батыр, Сүлейменов  көшелерінің бойына 9 жаңа бағдаршам орнатылды.


31 қазанға дейін Сүлейменов, Жандосов, Шаляпин көшелерінің бойына тағы 5 бағдаршам орнату және іске қосу жұмыстары аяқталады.



«Заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында бүгінде қоғамдық орындарда 168 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді.


Бейнемониторинг жүйелері желісін кеңейту үшін, қазан айында адамдар көп жиналатын орындарға қосымша 359 камера, оның ішінде көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларына 275 камера, мектептер мен колледждердің жанына 42, жол қиылыстарына 24, алаңдар мен мешіттерге 12, парктер мен скверлерге 6 камера орнату басталды. 2022 жылдың соңына дейін барлық камералар орнатылады», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев. 



Көлік құралдарын жүргізу тәртібін жақсарту үшін, бүгінде 65 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені (526 камера) жұмыс істейді.


2023 жылдың I тоқсанында аудан көшелерін 75 «Сергекпен» қосымша жабдықтау жоспарлануда.


         

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қоғамдық қауіпсіздік #Әуезов ауданы #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика