AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Әуежайда неге аяқ киімді шешу керек?

Әуежайда неге аяқ киімді шешу керек?

Керек кеңес 10.07.2025, 11:40 603
Әуежайда неге аяқ киімді шешу керек?
интернет

Әуежайда ұшуға дейінгі тексерістен өту кезінде аяқ киімді неге шешу керегін көпшілік түсінбей жатады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Егер аяқ киім киімнің бір бөлігі болса және күмән тудырмаса, неге шешу керек?

Бұл сұраққа Астана әуежайының PR қызметінің жетекшісі Науат Айтуғанова жауап берді.

Оның айтуынша, бұл жай ғана талап емес, әлемнің көптеген әуежайында қолданылатын авиациялық қауіпсіздік шарасы.

"Әлемнің көптеген әуежайында жолаушылардан тексеріс кезінде аяқ киімді шешуді сұрайды. Көп адамға бұл артық сияқты көрінуі мүмкін, алайда бұл шара авиациялық қауіпсіздікпен байланысты. Кейде дәл аяқ киімнің ішінде тыйым салынған заттар жасырылуы мүмкін, ал оларды стандартты сканерлермен анықтау әрдайым оңай бола бермейді. Қалың табан, жасырын металл элементтер немесе қосымша бөлшектер сапалы тексеруге кедергі келтіруі мүмкін", – деп түсіндірді ол.

Маман бұл тәжірибе алғаш рет 2001 жылдың желтоқсанында енгізілгенін атап өтті.

"Бұл тәжірибенің тарихы 2001 жылдың желтоқсанында британдық Ричард Рейд есімді азамат ұшаққа жарылғыш затты аяқ киімінің табанына жасырып алып өтпек болған кезден басталады. Оның жоспары жүзеге аспады, бірақ бұл оқиға бүкіл әлемдегі қауіпсіздік қызметтері үшін бетбұрыс сәтіне айналды. Содан бері аяқ киімді тексеру көптеген елде міндетті шараға айналды", – деп толықтырды маман.

Ол қазіргі қауіпсіздік жүйелері көптеген жылдардағы тәжірибе мен нақты қауіптерді талдаудың нәтижесі екенін атап өтті.

"Аяқ киімді шешіп, тексерістен өту сияқты қарапайым әрекеттер – барлық жолаушының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Бұл – еріккендіктен емес, тәжірибеге сүйеніп, мүмкін қауіптердің алдын алу үшін қажет шара", – деп түйіндеді ол.

Сондықтан, егер тексеріс кезінде сізден аяқ киіміңізді шешуді сұраса, ренжімеңіз және мұны ұсақ-түйекке баламаңыз. Бұл – барша жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған стандартты процедуралардың бір бөлігі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аяқ киім #аэропорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлыстың Ұлы Күні Алматыда «Ар ма, Әз Наурыз!» атты дәстүрлі музыка концерті өтті

Бүгін 13:41

Президент үндеу жасады

Бүгін 12:42

«Жұлдызды Алматы»: Астана алаңында Наурызға арналған мерекелік концерт өтті

Бүгін 12:36

Алматы көшелерінде этноансамбль өнер көрсеткен музыкалық автобус жүріп өтті

Бүгін 11:28

Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына өтті

Бүгін 10:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика