Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Ауадағы ылғалды суға айналдыратын құрылғы: жас ғал...

Ауадағы ылғалды суға айналдыратын құрылғы: жас ғалым министр назарында

Барлығы 14.12.2025, 17:44 602
Ауадағы ылғалды суға айналдыратын құрылғы: жас ғалым министр назарында
Сурет: Gov.kz

Алматы қаласындағы №79 гимназияның оқушысы Дана Қадырбек жас өнертапқыш ретінде ерекше жобамен ерекшеленді. Ол ойлап тапқан құрылғы электр желісіне қосылмай-ақ жұмыс істейді, ауадағы ылғалды тиімді сіңіріп, оны конденсациялау арқылы таза суға айналдырады. Оқушының өнертабысы жайлы Aqshamnews.kz тілшісі толығырақ баяндайды.

Дананың бұл инновациясы әсіресе су тапшылығы байқалатын шалғай аймақтар үшін таптырмас шешім болып отыр.

Оқушының бұл өнертабысына Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтың өзі қызығушылық білдірген.  Ведомство басшысының алдында ол өзінің жобасын таныстырып та үлгерген. Кездесу қорытындысы бойынша министрлік пен жас өнертапқыш жобаны пилоттық режимде іске асыру, құрылғыны тәжірибелік сынақтан өткізу, ақпарат пен деректер алмасу бағытында меморандумға қол қойды.

Сурет: Gov.kz.

Министрдің айтуынша, дарынды жастардың су үнемдеу мәселелеріне бей-жай қарамай, ғылыми тұрғыдан тың шешімдер ұсынуы қуантады.

"Бұл жобаны біз бұрыннан бақылап келеміз. Құрылғының ылғал аз жағдайда да атмосферадан су жинай алуы оның практикалық маңызын арттырады. Заманауи наноматериалдар мен күн энергиясын қолдану жобаны нағыз “жасыл” инновацияға айналдырады", - деді Нұржан Нұржігітов.

Дана Қадырбектің жобасы халықаралық және республикалық деңгейдегі байқауларда жоғары бағаланды. Ол Оңтүстік Кореяда өткен WICO көрмесінде 36 елден келген 2000-нан астам қатысушы арасынан бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ Индонезиядағы Жастардың халықаралық ғылыми жәрмеңкесінде (YISF) 24 елдің қатысушысы арасынан үздік деп танылды. ҚазҰУ халықаралық конференциясы мен Kazakhstan Smart Space ғарыштық технологиялар байқауында да жүлделі орындардан көрінді.

Жоба Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіпті дамыту ұйымымен (UNIDO) бірлесіп жүзеге асырылатын Global Cleantech Innovation Programme (GCIP) бағдарламасының он жартылай финалисінің қатарына енді. Қазақстан бойынша 500-ден астам өтінім арасынан іріктеліп алынған бұл жобаның халықаралық деңгейде де танымалдылығы айқын.

Министрмен өткен кездесуден алған әсерін Дана Қадырбек былай деп бөлісті:

"Министрлік тарапынан көрсетілген қолдау мен үшін үлкен мотивация болды. Енді құрылғыны далалық жағдайда сынақтан өткізіп, жобаны пилоттық режимде іске асыру мүмкіндігіне ие боламыз", - деді жас өнертапқыш.

Бұл жоба тек Қазақстан үшін ғана емес, әлемдік деңгейде де "жасыл" технологиялардың дамуына үлес қосатын ерекше бастама болып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Болашақ ғалым #Өнертабыс #су жинау #атмосфера
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50

Елімізде жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Бүгін 10:24

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика