Биылғы күз мезгілінде Алматының ауа райы ластанғаны әлеуметтік желіде көп айтылды, осы аптадағы ұзақ күткен жауын мен қардың жаууы қаланың атмосферасын жеңілдеткендей болды. Дегенмен, алып мегаполис үшін экологияның ластануына себеп көп. Аqshamnews.kz тілшісінің сауалына жауап берген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметіне сай, қаламызға күн сайын сырттан келетін көліктің өзі 400 мыңға жуық екен.
Ірі қалаларда автокөлік атмосфералық ауаның ластануына айтарлықтай үлес қосады.
Алматы қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша ластаушы заттардың жалпы шығарындылары жылына 189 мың тоннадан асады, оның ішінде 112 мың тоннадан астамы (немесе 60%) автомобильдердің шығарындыларынан келеді.
Анықтама: күн сайын 400 мыңға жуық автомобиль сырттан келеді, қазіргі уақытта Алматыда 617 мыңнан астам автомобиль тіркелген.
Алматы қаласындағы атмосфералық ауаның ең ірі ластаушысы «Алматы электр станциялары» АҚ (бұдан әрі – «АлЭС» АҚ) құрамына кіретін объектілер болып табылады.
Сондай-ақ, «АлЭС» АҚ қоршаған ортаға ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша ең ірі I санаттағы елу объектінің тізбесіне кіреді
(А. Жақұтов атындағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3).
«АлЭС» АҚ-тың ақпараты бойынша Алматы ЖЭО-2 және ЖЭО-3-мен жаңғырту және реконструкциялау жобаларын іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда. ЖЭО-2 бойынша зиянды заттар шығарындыларын 93%-ға, 37,0 мың тоннадан 2,5 мың тоннаға дейін, ЖЭО-3 бойынша 88%-ға 12,0 мың тоннадан 1,5 мың тоннаға дейін төмендету жоспарланып отыр Эмиссияларды төмендетуге Қазақстан Республикасының ең үздік қолжетімді технологияларды енгізу жөніндегі талаптары деңгейінде атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын қамтамасыз ететін тиімді газ турбиналы қондырғыларда табиғи газды пайдалану есебінен қол жеткізілетін болады. Азот оксиді шығарындыларының азаюына азот оксидтерінің 35 мг/нм3 (қазіргі уақытта концентрациясы 680 мг/нм3), көміртегі оксидінің 15-45 мг/нм3 (қазіргі уақытта концентрациясы 110 мг/нм3) деңгейінде түзілуінің төмен деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін төмен эмиссиялы жану камераларын пайдалану арқылы қол жеткізіледі.
Алматы қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша қазіргі уақытта Алматы қаласының атмосфералық ауасын қорғау жөніндегі қағидалардың жобасын әзірлеу аяқталуда. Осы Қағидалар шеңберінде халықаралық тәжірибе негізінде өтпелі кезеңі бар шығарындылар деңгейі төмен аймақтарды (LEZ) кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда автокөлік құралдарынан ластаушы заттар шығарындыларының есептік көлемі жылына 112 мың тоннадан асады, оның ішінде ЕВРО-0 экокласты автомобильдердің үлесіне шығарындылардың жалпы көлемінің 84%-ы келеді (2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Алматы қаласында 647 534 автомобиль тіркелген, оның ішінде 20 жылдан асқан 189 452 жеңіл автомобиль (2005 жылға дейін шығарылған).
Алматы қаласының жеке секторын газдандыру үлесі 99,4% құрайды. 907 жеке үй газбен жабдықтауға қосылмаған күйінде қалып отыр. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы тұрғындардың 126 үйін қосу үшін демеушілік қаражат тартылды. Қалған үйлер бойынша 2025 жылғы бюджетте газбен жабдықтауға қосылу құнының 50%-на субсидиялар көзделген.