AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Атырауда денесі сегіз айдан кейін табылған Яна Лег...

Атырауда денесі сегіз айдан кейін табылған Яна Легкодимованың өліміне қатысты сот жалғасып жатыр

Әлеумет 30.10.2025, 10:09 544
Атырауда денесі сегіз айдан кейін табылған Яна Легкодимованың өліміне қатысты сот жалғасып жатыр
depositphotos.com

Атырауда денесі сегіз айдан кейін табылған Яна Легкодимованың өліміне қатысты сот жалғасып жатыр. 23 жастағы бойжеткенді өлтіргендер марқұмның ұялы телефонын емін-еркін пайдаланғаны анықталды. Күдіктілер Янаның атынан достарына түн ішінде жазба жіберіп, қылмысын жасырмақ болған. Кейін басты күдікті Ризуан Қайыржанов екеуара жазбаны түгел өшіріп тастаған. Ал марқұмның анасының айтуынша, Янаны тұншықтырып өлтірмес бұрын, қос күдікті қызды әбден азаптаған, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Яна Легкодимованы айуандықпен өлтірген күдіктілер оның ұялы телефонын алып, курстасына жазба жіберген. Анасының айтуынша, мұның бәрі қылмысты жасыру мақсатында жасалған. Кейін марқұмның ол досы тергеуге шақырылып, тіпті күдікке ілінген. 

"Алғашқы күні оны да шақырды. Не себеп болғанын білмеймін, Ризуанды жіберіп қойып, оны алып қалған. Беканың мойнына қызымның өлімін ілгісі келді. Ол кейін қаладан кетіп қалды. Басқа өңірдің жігіті. Психологиялық тұрғыдан ауыр тиген", - деді марқұмның анасы Галина Легкодимова.

Сотталушы Ризуан Қайыржанов тергеуде "Янадан таяқ жедім" деп түсініктеме беріпті. Яғни марқұм оған қол жұмсап, тұншықтырды деген. Алайда анасы мұның бәрін жоққа шығарды. 

"Мектепте, университетте, тіпті көшеде бірде‑бір адаммен ұрсысып көрген емес. Ұрыс-керіске жоқ еді. Ұрып-соқпақ түгілі, дауысын қатты көтермейтін. Қызымды тұншықтырып жатқанда, ол тіпті қарсылық та көрсете алмаған. Қылмыскердің үстінде бірде-бір сызат жоқ. Өйткені қызымның кішкентай қол сүйектерін сындырып тастаған. Қызым өте нәзік еді", - деді марқұмның анасы Галина Легкодимова.

Марқұмның бойы 160-162 сантиметр, салмағы бар-жоғы 40 келі екен. Анасының айтуынша, қызын тек тұншықтырып өлтірмеген, ұрып-соғып азаптаған. Прокурор қылмыстық іс барысында алынған айғақтарды ашып көрсетті. Сегіз айдан кейін табылған сүйек қалдықтарын марқұмның тіс щеткасынан алынған ДНК сынамамен әзер анықтапты. Айғақтар арасында мәйітімен бірге табылған жейдесі де бар. Сотталушы тараптың қорғаушысы кейбір дәлелдерге қарсылық білдіргенмен, айыпталушы кінәсін өзі мойындады.

Айта кетейік, 23 жастағы бойжеткенді өлтірді деген күдікпен 24 жастағы Ризуан Қайыржанов пен оның 25 жастағы досы Алтынбек Катимов қамауға алынған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атырау облысы #өлім #Яна Легкодимова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Бүгін 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Бүгін 17:42

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Бүгін 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Бүгін 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика