AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Атырауда 1892 жылғы винтовка мен соғыстан қалған т...

Атырауда 1892 жылғы винтовка мен соғыстан қалған тапанша полицияға тапсырылды

Әлеумет 11.05.2022, 14:00 1,052 Almaty-akshamy
Атырауда 1892 жылғы винтовка мен соғыстан қалған тапанша полицияға тапсырылды
Cурет: Inform.kz

Атырау тұрғыны 1892 жылғы винтовка мен соғыс кезінде шыққан тапаншаны полицияға тапсырды. Облыста 25 сәуірден бері атыс қаруларын, оқ-дәрі, жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.



«Акция мақсаты – қарулармен жасалатын қылмыстардың алдын алып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Оның аясында Құрманғазы аудандық полиция бөліміне 8 адам ерікті түрде заңсыз сақталған 9 атыс қаруын сыйақы алу үшін тапсырды. Оның ішінде 1892 жылы шығарылған «Мосина» маркалы винтовкасы бар. Ал, «Шпагин» пулемет тапаншасы 1944 жылы зауыттан шығарылғаны анықталып отыр. Мұндай ескі қаруларды аталардан қалған көз ретінде сақтап, кейінгі ұрпаққа мұраға қалдыруды көздейтіндер бар. Алайда, бұл - қаруды заңсыз сақтау жолы екенін ұмытпау керек. Заңсыз сақталған атыс қарулар мен оқ-дәрілерді ішкі істер органдарына өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.



Осы орайда, полиция қызметкерлері адам өміріне қауіп төндіру, зақымдану немесе жарақаттануды болдырмау үшін кездейсоқ табылған жарылғыш заттарды өздігінен тасымалдамай, «102» телефоны арқылы хабарлау қажеттігін қаперге береді. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда полицейлер заңсыз сақталған 3 қаруды тәркілеген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қару #акция #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Бүгін 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);