Атырау тұрғыны 106 айыппұлы бар көлікті сатып алған

Атырау тұрғыны 106 айыппұлы бар көлікті сатып алған Cурет: Ашық дереккөз

Көлік арнаулы тұраққа қойылды


Атырау тұрғыны 3 миллион теңгеге жуық айыппұлы төленбеген көлікті сатып алғанын білмеген. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Грузияда тіркелген көліктің төленбеген 106 айыппұлы бары анықталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Полицейлер 6 маусым күні сағат 12.00 шамасында Toyota Highlander автокөлігін тоқтатқан. Көліктің рулінде 1998 жылы туған жүргізуші болды. Грузияда тіркелген көліктің 2 млн 937 мың 417 теңге көлемінде төленбеген 106 айыппұлы бары, сақтандыру жүйесінде ақпарат тіркелмегені анықталды», – деді полицейлер.



Сондықтан автокөлік иесіне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 230-бабы 2-бөлігімен хаттама толтырылды. Көлік арнаулы тұраққа қойылды.
Көлік жүргізушісі көлікті 2-3 күн бұрын сатып алғанын және 106 айыппұлы барын білмейтінін айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:10

08:31

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44