Атырау - Ташкент бағытында жаңа халықаралық рейс іске қосылды

  • 15:03, 15 шілде 2025
Атырау - Ташкент бағытында жаңа халықаралық рейс іске қосылды FlyArystan баспасөз қызметі

Қазақстандық лоукостер FlyArystan бүгін Атырау – Ташкент – Атырау бағыты бойынша алғашқы халықаралық рейсін сәтті орындады.

FS7835 рейсі Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайынан ұшып шығып, Өзбекстан астанасындағы Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайына сәтті қонды. Ұшақ авиацияда жаңа бағыттың ашылуын білдіретін рәсім – дәстүрлі су бұрқағымен салтанатты түрде қарсы алынды. Ташкенттен қайтып келген ұшақты, яғни FS7836 рейсін Атырауда дәл осындай қарсы алу рәсімімен күтіп алу жоспарланған.

Алғашқы рейстің ашылу салтанатына әуекомпаниясы мен әуежайдың басшылығы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

"Бұл рейстің іске қосылуы FlyArystan-ның халықаралық бағыттар желісін кеңейту жолындағы маңызды қадам ретінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік қолжетімділігін арттыруға септігін тигізеді. FlyArystan-ның Астана – Ташкент бағытындағы рейсіне қоса, бұл жаңа бағыт Қазақстанның батыс өңірінен Өзбекстанға тікелей әуе қатынасын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде екі ел арасындағы іскерлік, мәдени және туристік байланыстардың одан әрі дамуына мүмкіндік береді", - деді "FlyArystan" АҚ президенті Ричард Леджер. 

Салтанатты шара аясында әуежайдың ұшу залында мерекелік безендіру, фотоаймақ, лента қию рәсімі және жолаушыларға сыйлықтар ұйымдастырылды.

:"Ташкентке тікелей жаңа халықаралық рейстің ашылуы – біздің әуежаймен қатар бүкіл өңір үшін де маңызды оқиға. Бұл рейстің іске қосылуы жолаушылар ағынының артуына, әуежайдың транзиттік тартымдылығының жоғарылауына және Атыраудан орындалатын бағыттардың географиясының кеңеюіне ықпал етеді деп күтеміз", - деді "АТМА – Атырау әуежайы және тасымалдар" АҚ коммерциялық директоры Владимир Пахомов.

Атырау – Ташкент – Атырау бағыты екі қала арасындағы алғашқы тұрақты тікелей рейс болды. Рейстер шілде және тамыз айларында – бейсенбі мен жексенбі күндері, ал қыркүйек пен қазан айларында – дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалады. Ұшу уақыты - 2 сағат 20 минут.

FlyArystan — Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Ол өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастады. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап FlyArystan өз сертификатымен, FS коды бойынша тәуелсіз әуекомпания ретінде қызмет көрсетуде. Әуекомпания Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларындағы заманауи A320 ұшақтарынан құралған әуе паркімен кең ауқымды маршруттар желісі бойынша рейстер орындайды. FlyArystan маршруттар желісі ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік бағыттарды қамтиды. FlyArystan 2023, 2024  және 2025 жылдары үш рет Skytrax World Airline Awards тарапынан Орталық Азия және ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуекомпаниясы деп танылды.

1930-жылдары Гурьев авиаотрядының құрамында құрылған Х. К. Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайы аймақтық алаңнан заманауи халықаралық әуежайға айналды. Бүгінде әуежай әртүрлі санаттағы әуе кемелерін қабылдай отырып, ішкі және халықаралық рейстерді қамтамасыз етеді.

Ташкент қаласының Сергелі ауданында орналасқан Өзбекстандағы ең ірі әуежай. Бұл – Өзбекстан мен Орталық Азиядағы ең көне әрі маңызды әуежайлардың бірі. Бүгінде Ислам Каримов атындағы "Ташкент" Халықаралық әуежайы аймақтың ірі халықаралық хабтарының бірі ретінде қызмет атқарады және халықаралық рейстер үшін транспорттық маңызды торап саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:42

16:45

16:06

15:24

15:19

15:03

14:48

14:32

13:53

12:26

12:24

12:23

12:05

11:38

11:00

10:38

10:20

10:17

09:46

09:44

09:41

09:20

09:17

17:42

16:48