конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Атажұртқа әркез келуге дайынмын

Атажұртқа әркез келуге дайынмын

Әлеумет 04.05.2025, 16:28 872
Атажұртқа әркез келуге дайынмын
Суреттерді түсірген - Самат Құсайынов

Алматыға танымал түрік актері Бурак Өзчивит келді

“Негіз: Осман”, “Сұлтан Сүлеймен”, “Бозторғай” сынды түрік сериалдарында басты рөлді сомдаған әлемге әйгілі актер Бурак Өзчивит Алматыдағы ауқымды жобаның таныстырылымына қатысты. 

Актер Қазақстандағы құрылыс нарығындағы үлкен компаниялардың бірі — RAMS Global-дың жаңа бастамасын қолдау үшін Алматыға келді. 

Баспасөз конференциясы барысында Бурак Өзчивит журналистердің сұрағына жауап беріп, Алматы мен жобадан алған әсерін бөлісті. Ол бұл жобаның ресми амбассадоры ретінде сөз сөйлеп, компанияның халықаралық деңгейдегі жоғары сапасын ерекше атап өтті.

Бурак Өзчивит бұған дейін де Алматыға бірнеше рет келіп кеткен. Әлеуметтік желілердегі парақшасында «Ата-бабаларымыздың жерінен сәлем» деп жазба қалдырған. Бұл сапарында да қаланың тарихи және мәдени мұрасына деген қызығушылығын жасырмады.

“Қазақстанға кейінгі 10 жыл ішінде жиі келіп жүрмін. Әр келген сайын бұл елдің азаматтарымен шығармашылық бағытта, түрлі жобалар аясында бірлесе жұмыс істеу жөнінде әңгімелестік. Мұнда мені әрдайым жылы қабылдайды, өзімді туған үйімде жүргендей сезінемін. Атажұртқа қайта оралу — мен үшін үлкен қуаныш әрі жүрекке жақын сезім. Бұл топырақ — біздің ата-бабаларымыздың ізі қалған киелі жер. Қазақстан менің жүрегімде ерекше орын алатын елге айналды. Атажұртқа әркез келуге дайынмын”,- деді Бурак Өзчивит.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бурак Өзчивит #Алматы #актер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі жаңғыртылған теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Бүгін 10:33

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Бүгін 10:05

Қостанайда Қазақстандағы ең ірі жабық аквапарк ашылды

Бүгін 09:34

Қарағанды облысындағы 180-нен астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылады

Бүгін 09:03

Бір тәулікте Алматыда 1 632 рет жол ережесі бұзылған

Бүгін 08:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);