Алматыдағы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында 30 тамыз – Конституция күніне орай баспасөз мәслихаты өтті. Оған Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ұлан Қажыкен мен Алматы қалалық сотының судьясы Руслан Баишев қатысты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.
Ұлан Қажыкеннің айтуынша, Конституцияда сот билігі туралы тарау айырықша орынға ие. Өйткені биліктердің бөлу принциптеріне сәйкес, сот билігін белгілеу- бұл азаматтардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғап, Конституцияны, заңдарды, басқа нормативтік актілерді және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімшарттарын орындауды қамтамасыз ету.
«Соттардың негізгі қызметі әділ сотты жүзеге асыру болып табылатынын атап кету қажет. Әділ сот - заңдылықты, негізділікті және сот шешімдерінің жалпылай міндеттілігін қамтамасыз ететін тәртіпте азаматтық және қылмыстық істерді қарау бойынша сотпен жүзеге асырылатын мемлекеттік іс-әрекеттің түрі», - деді судья.
Биліктерді бөлудің конституциялық принципі адамның және азаматтың құқықтарын және бостандықтарын бүкіл әлемдік қорғау кілтінде әрі қарайғы реформалардың қажеттілігін ұсынады. Сонымен қатар, медиация рәсімін немесе дауларды балама реттеуді перспективті бағыттардың бірі ретінде көрсетуге болады. Ол судьялардың жұмыс жүктемесін азайтуға және қоғамдағы қақтығыстарды соттан тыс шешуге бағытталған. Сондықтан алдағы уақытта медиация өзекті болмақ деп күтілуде.
«Бағыттардың бірі сот процесінде жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Бұл ақпараттық жаңашылдық сот өндірісін әрі қарай жетілдіруді көздейді. Аталған салада олардың дамуы екі жақты мәнге ие: олар азаматтардың әділ сотқа қол жетімділігін жеңілдетеді, ал екінші жағынан соттардың жұмысын жеңілдетеді, бюрократияның және қағазбастылықтың алдын алады. Жалпы алғанда, ақпараттық технологияны дамыту әділ сотты жүзеге асырудың ашықтығына қол жеткізуге бағытталған. Ақпараттық технологияның қарқынды дамуы кезінде электронды әділ сотты дамыту да өзекті және болашақта көз жетерлік болмақ», - деді Ұ.Қажыкен
Қазақстанда әділ сотты дамытудың және жетілдірудің осы және басқа да өзекті бағыттары түбінде әрі қарай әділ сотты оңтайландыру, барлық азаматтарға әділ сотқа теңдей қол жетімдіктерін қамтамасыз ету үшін осындай жағдайлар құрып, азаматтардың конституциялық құқықтарын, еркіндіктерін және заңды мүдделерін қорғау бойынша міндеттерді толық ауқымда орындау мақсатын көздейді. Әділ сотты жүзеге асыру құқықтық және демократиялық мемлекеттің талаптарына жауап беруі әлемдік сот тәжірибесінде халықаралық тәжірибенің алдыңғы жетістіктерін ескере отырып, уақыттың үндеуін, қоғамның қажеттілігін уақытылы елеп-ескеруі тиіс.
Спикер сөзін қорытындылай келе, казіргі заманғы қазақстандық сот жүйесі жетілу сатысында, әрі қарай судьялардың кәсіби деңгейін арттырумен, күшті және дербес сот билігін қалыптастыру, сот беделін және оған қоғамның сенімін қалыптастыру, қоғамның құқықтық санасын арттыру бойынша жұмыс жасау қажеттігін айтты.