Спорт күніне орай Наурызбай ауданында ұлттық ойын асық атудан жарыс ұйымдастырылды
Қазақстандағы Спорт күні тамыз айының үшінші жексенбісіне сәйкес келеді. Атаулы күнге орай Наурызбай ауданы әкімдігінің аумағында орналасқан амфитеатр алаңында жергілікті тұрғындар асық жарысынан бақ сынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Жарыс қала жастары арасында ұлттық ойындарды насихаттау және оларды дамыту мақсатында өткізілді. Асық атудан қалалық гранд-финалдың бірінші іріктеу кезеңінде бас жүлде – Renault Logan автокөлігі тігілді. Байқаудың демеушісі және ұйымдастырушысы Наурызбай ауданы әкімдігінің қолдауымен Sirage медиа платформасының негізін қалаушы, блогер, ықпал етуші Шон Омен болды.
Шоң Өменнің айтуынша, Алматының әр ауданында асық ату ұлттық ойынынан іріктеу кезеңдері ұйымдастырылады. Қатысушылар саны шектеулі, 32 ойыншыдан тұрады. Бірінші болып тіркелгендер іріктеу кезеңіне өтеді. Байқауға қатысушының аты-жөнінде тіркелген жеке көлігі болмауы керек, сонымен қатар ұтыс ойыны туралы жаңалықтарды жіберіп алмау мақсатында @seanomen Instagram парақшасына жазылу қажет.
Қажетті шарттар орындалса, кері байланыс үшін ұйымдастырушыға тікелей Instagram желісінде толық аты-жөніңізді, туған жылыңызды, телефон нөміріңізді көрсетіп, хат жазуыңыз керек.
– Аудандық спартакиадада жеңімпазды іріктеп, финалға шыққан сегіз спортшының арасынан бас жүлде – автокөлікті ойнатамыз, – деді Шоң Өмен. - Финалдық ұтыс ойынының барлық қатысушылары мен адал жанкүйерлер бас демеушілеріміздің арнайы сыйлықтарын алады. Ал чемпион өз көлігімен жолға шығады. Асық атуды не үшін таңдадық? Бізде ұлттық ойындарға жатпайтын басқа жобалар бар. Мен қалада өстім. Асфальтта өскен қазақ жігіттері ұлттық салт-дәстүрімізді, ойындарымызды ұмыта бастағанын көрдім. Бәріміз көбіне орысша сөйлеп, салт-дәстүрді ұмыта бастадық. Жігіттеріміз өз тамырын ұмытпаса, жастар ұлттық ойындар ойнаса деймін.
Шоң Өмен ұлттық құндылықтарды орыстілді аудиторияға жеткізу үшін қазақ тілін жетік білсе де, әлеуметтік желідегі парақшасын орыс тілінде жүргізетінін және осы мақсатта жеке көлігін жүлдеге тіккенін айтады.
- Көлік жаңа емес, бірақ бұл біздің алғашқы сынақ қадамдарымыз. Болашақта демеушілердің арқасында қала ішінде жаңа пәтерлер мен көліктерді деген сенімдемін. «#qolda» деп аталатын жобамыз тек асық ату ғана емес, қатысушының күшін, ептілігін, тапқырлығын дамытатын садақ ату, бәйге сияқты қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының барлығын өткізуді жоспарлап отырмыз. Жобаны алдымен асық атудан бастадық, себебі ұйымдастыру жағынан бұл ең оңай ойын. Ал шарттарға сәйкес, біздің жарыстар жеңілдетілген нұсқа болып табылады. Бұл жолы біздің іріктеу кезеңінде тек асық атуға арналған және біз ойыншылардың уақытын шектемейміз. Бүгін бізде қатысушылар арасында жалғыз әйел болды, ол өте жақсы нәтиже көрсетті. Бұл енгізінен жалпы жақсы көрсеткіш.
Байқау аясында амфитеатр сахнасында тағы бір әсерлі оқиға – Наурызбай ауданы «Дарын» білім беру орталығының «Құлагер» театрландырылған қойылымымен есеп беру концерті, би және музыкалық ұжымдары өнер көрсетті. Мұнан кейін жарыстың жартылай финалы басталды. Жеңімпаздар ақтық сында бақ сынап, 28 жастағы Төлеубек Кәрімбеков жеңімпаз болып танылды. Ол енді күзде қаланың қалған жеті ауданының чемпиондарымен жеңіл көлікті сарапқа салатын болады.