ffin.kz

Асылы апамның ақ тілегі!

Асылы апамның ақ тілегі! Сурет: Еgemen.kz

Ізгі ниет, ақжарма көңіл!!!


Қазақ халқында «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» деген аталы сөзі бар. Бүгінгідей алмағайып заманда бірлікті ту ету оңай шаруа емес. Қазіргі кезде қолда бардың қадірін білу өте маңызды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман апамызбен қоғам, ұлы адамдар және өткен мен бүгінгі кезеңдер туралы әңгімелескен едік.


Абай даңғылымен жоғары қарай жүріп келемін.  Күн шуағын мейірлене төгіп тұр. Айнала қызу тіршілік. Жүйіткіген көліктер, бір тараптан екінші тарапқа асыққан адамдар. Әне-міне дегенше Абай метросына жетіп қалдым. Сол арада жүзі жылы, қара көзілдірік таққан апай көзіме түсті. Өтіңкіреп тоқтап, қайта барып амандастым. Өңі таныс.


– Сіз Асылы Осман апасыз ба? – дедім


– Иә, қарағым, – деді.


Одан кейін өзімді таныстырып, хал-жағдай сұрастық. Өте жайдарлы мінезді әрі ой ашық, ақжарқын кісі екен. Қай ауылдың баласы екенімді сұрап, әңгіме күн шуағындай қыза түсуде. Қызылорданың Шиелісінен келгенімді әрі осында жұмыс жасап жүргенімді айттым. «Өткеніңді білмей, болашаққа қадам баса алмайсың» депті бұрынғылар. Осы оймен апамыздың  мән-мағынаға толы сөздерін тыңдап тұрдым. Бұрынғы көрген-білгенін айтуда. Біздер аяңдап аялдамаға жақындап келеміз. Тақырыпты тіл мәселесіне, қоғамдағы өзекті  жәйттарына бұрдым. Ол кісі әңгемесін былайша өрді:


«Мен ол уақытта оңтүстікте істеп жүргенмін. Бір жиналыста облыс басшысы Темірбеков баяндамасын түгел орысша жасады. Өзі ресми тілде сөйлейтін. Сонда маған оның қазақы ортада өзге тілде сөйлегені жақпады. Содан соң әкімге барып, осы ойларымды айттым. Яғни, тіл мәселесін. Бәлкім, мені жақтырмай да қалған шығар. Кейіннен Елбасы Темірбековті шетелге елші етіп жіберді. Мен үнемі жалпы жұрт болып қазақтың тілін үйренсе екен деп жүремін. Өйткені сонау репрессия жылдарында Қазақстанға қоныс аударғандарға оңай болған жоқ. Оларды қуғындап әкелді. Міне, сол заматта жергілікті тұрғындарға қазақ халқы пана бола білді. Көмек қолын созды, өзекке теппеді. Аш қалдырмады. Көрдің бе, шырағым, әрқайсымыз осы жақсылықты естен шығармағанымыз жөн. Рахмет айтуымыз қажет. Қандай жиында болмасын, тіпті Ассамблея төңірегінде де, тіл мәселесін айтып келемін. Қайткенде тіл өз дәрежесіне көтеріледі, білесің бе? Ол үшін қазақ тілі мемлекеттік тұғырға шығуы керек. Онсыз іс алға баспайды. Осы күні біреулердің айтқанын естіп қалдым. Олар «Қазақстан - бейбітшілік аралы» дейді. Ау, дүниеде жер көлемі жағынан 9 орын алатын мемлекетті арал деуге бола ма?! Дұрысын айтқанда, «Қазақстан - бейбітшілік елі» деу керек. Қазақстанды әрбіріміз сүюіміз керек. Бұл – ыстық Отан, біздің топырақ», - деді апамыз біраз дүниені ойға салып. Мен де осы бір сәтті пайдаланып, бірер сауалдарды қойдым.


– Апа, кейбіреулер «Герольд Бельгер атамызды қазақты Һәкім Абайдан да артығырақ сынайды» дегені бар, осыған қалай қарайсыз?


– Әуелі қазақтың жайын өзге емес қазақтың өзі айтқаны абзал. Абайдан артық кім сынай алсын? Мен бұл сөзімді көзі тірісінде Бельгерге де айтқанмын.


– Асылы апа, қалай ойлайсыз? Қзақта Дінмұхамед Қонаевтай тұлға қашан туар екен?


- Еее, шырағым! Ұлы далада асылдар аз болмаған. Сондай тұлғалардың бірі - Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев. Енді ондай перзент қазақта туа ма, тумай ма, кім білсін? Ең бастысы, бірлікті сақтау қажет. Елді ыдыратып алмаңдар. Ал мен жүрейін, қарағым, – деді.


– Біз, жастар, бармыз ғой, – деп айтып қалдым.


– Ойй, айналайын, – деді күлімсіреп.


Байқасам, шамамен 15-20 минут уақыт өтіпті. Біздер адымдап, аялдама тұсына келдік. Күткен автобусымыз әлі көрінбейді.


Осылай тұрғанда 128-маршрут келіп тоқтады. Мен Асылы апамды қолынан демеп отырғызып салдым. Есік жабылар сәтте артына бұрылып, «Құдай саған бақ берсін, өркенің өссін, Олжас! Аман бол, айналайын, аман бол», - деп ақ тілегін жаудырды. Автобус жүріп кетті. Мен осы бір сәтті ерекше есіме алып тебіреніспен академияға келіп жеттім. Өзімнің ауылдағы қарт әжемді көргендей, нақ сол  кісіден бата алғандай болып, ерекше ризалық сезіммен толғанысымды жазудамын. Қазақтың «Ұлық болсаң, кішік бол» дейтін аталы сөзі құдды осы кісіге арналып айтылғандай. Ұлтты, тілді сүйетін бір адам болса, сіздей-ақ болсын! Сізге де мың алғыс, мың рақмет, апажан!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51