Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Астықты кептіру үшін фермерлерге жағдай жасалады

Астықты кептіру үшін фермерлерге жағдай жасалады

Әлеумет 31.08.2024, 14:10 906
Астықты кептіру үшін фермерлерге жағдай жасалады
Сурет: Agropress

Вице-премьер Серік Жұманғарин Энергетика министрлігіне астықты кептіру үшін өңірлерді дизель отынымен және сұйытылған газбен қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алты облыстың – Ақмола, Қостанай, Қарағанды, ШҚО, СҚО және Павлодар фермерлері кептіру агрегаттары үшін қосымша 67,7 мың тонна дизель отынын және 21,5 мың тонна сұйытылған газды бөлуге 495 өтінім берді. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов атап өткендей, өңірлерде барлығы 1 301 астық кептіру агрегаты бар, оның ішінде дизель отынымен 1 043 (80%), сұйытылған газбен - 258 (20%) жұмыс істейді.

Астық кептіргіштердің едәуір санына қарамастан, солтүстік аймақтарда тағы 76 қондырғыға қажеттілік бар. Жеделштабта ауыл шаруашылығы өнімдері үшін кептіргіштерді сатып алуға шығындардың 30% - на дейін өтеу бойынша инвестициялық субсидиялау көзделгенін атап өтті.

Өз тарапынан “ҚазАгроҚаржы" фермерлерге кептіру агрегаторларын лизингке беру үшін қажетті іс-шаралар өткізді. Бірақ оларға әлі өтініштер түскен жоқ.

Дәнді дақылдардың негізгі жиналуы күзге дейін созылатындығын ескере отырып, уақтылы өтініш берген кезде кептіру қондырғылары егін жинау науқанының ортасында тапсырыс берушілерге келе алады.

Көлік министрлігі астықты экспортқа және ел ішінде тасымалдау бойынша жедел штаб құру туралы хабарлады. Мемлекеттік органдардан, әкімдіктерден және ҚТЖ-дан басқа, жеделштабқа қатысушылар қатарына Азық-түлік корпорациясы мен "Атамекен" ҰКП кіреді. Бүгінгі күні жеткізілім жағынан мәселелер болған жоқ.

Отырыста сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігі тарапынан ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау жөніндегі Жол картасының жобасы әзірленгені айтылды. Құжат жобасы "Атамекен" ҰКП және салалық қауымдастықтармен келісілді.

- Жедел штабта біз барлық туындайтын жедел мәселелер бойынша жинақтап, олардың проблемаға айналмауы үшін шешім табуымыз керек,-деп қорытындылады вице-премьер. - Біздің бүгінгі міндетіміз - егін жинау үшін барлық қажеттімен фермерлерді қамтамасыз ету. Сонымен қатар экспорт мәселелерін шешу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бидай #астық #дизел #Сұйытылған газ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыр алыбы - Жамбыл туралы жеті дерек

Кеше 20:37

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Михаил Шайдоровты Олимпиада ойындарындағы тарихи жетістігімен құттықтады

Кеше 17:46

Тоқаев шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

Кеше 16:51

Қазақстанда сирек кездесетін ауруларға бөлінетін қаржы 23 есе артты

Кеше 16:25

Бас прокуратура ескерту жасады: интернет-алаяқтар deepfake арқылы алдауға көшкен

Кеше 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі