AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Астанада қандай инвестициялық жобаларға қолдау көр...

Астанада қандай инвестициялық жобаларға қолдау көрсетілді

Экономика Бүгін 11:04 54
Астанада қандай инвестициялық жобаларға қолдау көрсетілді
Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған жобаларға салынатын инвестицияның жалпы көлемі шамамен 40 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қандай инвестициялық жобаларға қолдау көрсетілгені туралы жазды.

«Қалаға жеке инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Инвестициялық штаб отырысында бірқатар жобаны қарадық. Мәселен, шыны пакеттері мен қасбеттік жүйелер өндіретін зауыт, лифт, эскалатор және өзге де көтергіш механизмдер шығаратын өндірістік-технологиялық орталық, алкогольсіз сусындар шығаратын өндірістік-логистикалық кешен, қойма орындары бар косметика және парфюмерия өндіретін кәсіпорын салу жобалары және басқа да бастамалар талқыланды», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Елорда әкімінің айтуынша, ұсынылған жобаларға салынатын инвестицияның жалпы көлемі шамамен 40 млрд теңгені құрайды. Оларды 2026-2029 жылдары іске асыру жоспарланып отыр, соның нәтижесінде 1 700-ден астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.

«Былтыр елорда экономикасына шамамен 2,5 трлн теңге инвестиция салынды. Олар өңдеу өнеркәсібі, логистика, көлік, әлеуметтік инфрақұрылым және экономиканың өзге де негізгі салаларындағы жобаларға бағытталды. Өңірлік инвестициялық штаб отырыстарын тұрақты түрде өткізіп, жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңінде инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетеміз», – деп жазды шаһар басшысы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада INTERPOL SUNRISE халықаралық операциясы өткізілді

Бүгін 11:30

Алматыда Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына орай ғалымның есімі ұлықталды

Бүгін 11:25

Астанада мектеп оқушылары арасында қалалық робототехника және STEM чемпионаты өтті

Бүгін 10:32

Алматыда Қарасай батыр көшесінің бойында біртұтас жүргіншілер аймағы жасалып жатыр

Бүгін 10:23

Ұлттық дәстүрден заманауи дизайнға дейін: Алматыда қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 10:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);