AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына орай...

Алматыда Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына орай ғалымның есімі ұлықталды

Мәдени Алматы Бүгін 11:25 38
Алматыда Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына орай ғалымның есімі ұлықталды
Алматы әкімдігі

Өмір жолы мен ғылыми еңбектері туралы естеліктер айтылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда көрнекті әдебиеттанушы-ғалым, абайтанушы және қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына орай оның есімі берілген көшенің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Көше «Алматы Арена» көпсалалы мұз кешенінің маңында, Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысында орналасқан.

Тағылымды іс-шараға қала басшылығы, мәдениет саласының өкілдері, жазушылар, әдебиеттанушы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері және Қайым Мұхамедхановтың ұрпақтары қатысты.

Мерейтойлық бағдарлама «Alatau Creative Hub» орталығында «Қайым Мұхамедханов – ұлт руханиятының шамшырағы» атты әдеби кешпен жалғасты.

Басқосуда Қайым Мұхамедхановтың өмір жолы мен ғылыми еңбектері туралы естеліктер айтылды. Ғалымның адамдық болмысы, ұстанымына беріктігі, Абай мұрасын зерттеуге қосқан үлесі мен ұлттық мұраға жанашырлығы жайындағы әңгімелер ғалымның тұлғасын тереңірек тануға жол ашты.

Іс-шарада Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Қалибекұлы құттықтау сөз сөйледі.

«Қала көшесіне Қайым Мұхамедхановтың есімін беру – қазақ әдебиеті мен ұлттық руханиятқа көрсетілген зор құрмет. Ұлы Абайдың мұрасын зерттеуге өлшеусіз үлес қосқан мұндай тұлғалар ғасырда бір дүниеге келеді. Қайым аға – болмысы бөлек, ұстанымынан айнымаған қайсар тұлға. Халқы барда оның есімі ұлықталып, мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса береді», – деді қаламгер.

Кеш аясында ұйымдастырылған кітап және фотокөрмелер, бейнематериалдар ғалымның өмір жолы мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныстырды. «Алатау» театрының өнерпаздары мен Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Қайым Мұхамедхановтың тұлғалық бейнесін ашатын поэтикалық композициялар мен сахналық қойылымдар ұсынып, әдеби кештің мазмұнын байыта түсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда абаттандыру талаптарын бұзудың 5200-ден астам дерегі тіркелді

Бүгін 12:06

Астанада INTERPOL SUNRISE халықаралық операциясы өткізілді

Бүгін 11:30

Астанада қандай инвестициялық жобаларға қолдау көрсетілді

Бүгін 11:04

Астанада мектеп оқушылары арасында қалалық робототехника және STEM чемпионаты өтті

Бүгін 10:32

Алматыда Қарасай батыр көшесінің бойында біртұтас жүргіншілер аймағы жасалып жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);