AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Қарасай батыр көшесінің бойында біртұтас...

Алматыда Қарасай батыр көшесінің бойында біртұтас жүргіншілер аймағы жасалып жатыр

Алматы Бүгін 10:23 45
Алматыда Қарасай батыр көшесінің бойында біртұтас жүргіншілер аймағы жасалып жатыр

Алматының Алмалы ауданында Қарасай батыр көшесінің бойындағы аллея көркейтіліп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жоба аясында қаланың орталық бөлігіндегі скверлер, соның ішінде «Қарағайлы» саябағы жүргіншілер жолы арқылы өзара жалғасады. Бұл жөнінде Алмалы ауданы әкімдігінің өкілдері хабарлады.

Аллеяны көркейтудің алғашқы кезеңі 2025 жылы Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейінгі аралықта аяқталды. Биыл жұмыстар Наурызбай батыр көшесінен Масанчм көшесіне дейін жалғасып жатыр. Бұл учаскенің ұзындығы 500 метрден асады.

Жоба аясындағы маңызды жұмыстардың бірі бұрын мейрамханалардың бірінің жазғы террасасы орналасқан аумақта жүргіншілер жолын қайта ашу. Жергілікті атқарушы органдармен жүргізілген келіссөзден кейін мекеме иелері аллея бойымен емін-еркін жүруге кедергі келтірген құрылымды алып тастады.

Енді тұрғындар бұл жерден айналып өтпей-ақ, тура жүре алады. Бұл әсіресе, ерекше қажеттілігі бар адамдарға, егде жастағы тұрғындар мен балалар арбасын алып жүретін ата-аналарға қолайлы. Босаған аумақта күрделі құрылыс салу қарастырылмаған.

Көркейту жұмыстары кезінде 3 500 шаршы метр аумаққа брусчатка төселіп, көше жарығына арналған 105 бағана мен демалуға арналған 25 орындық орнатылды.

Келесі кезеңде аллеяны көгалдандыру жұмыстары қолға алынады. Мұнда ірі ағаш көшеттері мен 8 мың бұта егіліп, 9 мың шаршы метр аумаққа көгал төселеді. Сондай-ақ тамшылатып суару жүйесі орнатылады.

Бұл жұмыс біткен соң аллеяның кейбір бөліктері өзара жалғасып, қала орталығындағы қоғамдық кеңістіктерді біріктіретін біртұтас жүргіншілер бағыты пайда болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аллея
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада қандай инвестициялық жобаларға қолдау көрсетілді

Бүгін 11:04

Астанада мектеп оқушылары арасында қалалық робототехника және STEM чемпионаты өтті

Бүгін 10:32

Ұлттық дәстүрден заманауи дизайнға дейін: Алматыда қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 10:20

«Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысушылар оқыған шығармалары туралы 40 мыңнан астам бейнепікір жариялады

Бүгін 10:05

Қазақстан мен Өзбекстан хореография өнерін оқыту бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Бүгін 09:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);