AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Астанада мектеп оқушылары арасында қалалық роботот...

Астанада мектеп оқушылары арасында қалалық робототехника және STEM чемпионаты өтті

Білім және ғылым Бүгін 10:32 51
Астанада мектеп оқушылары арасында қалалық робототехника және STEM чемпионаты өтті
Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Чемпионатқа Астана қаласының 23 мектебінен қатысушылар қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Астанадағы №113 «Келешек» мектебінде BOLASHAQ LEAGUE 2026 қалалық робототехника және STEM чемпионаты өтті. Оның барысында қатысушылар жобаларын таныстырып, техникалық тапсырмаларды орындайды және қазылар алқасының бағалауынан өтеді.

Іс-шараны мектеп пен Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы бірлесіп ұйымдастырды. BOLASHAQ LEAGUE чемпионатының мақсаты – оқушылар мен педагогтердің инженерлік ойлауын, шығармашылық қабілеттерін және цифрлық құзыреттерін дамыту, робототехника, STEM және жасанды интеллект бағыттарына қызығушылықты арттыру, сондай-ақ білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасуға жағдай жасау.

Чемпионатқа Астана қаласының 23 мектебінен қатысушылар қатысты. Бағдарлама оқушылардың техникалық шығармашылығын, педагогтердің жобалық шешімдерін және инклюзивті білім берудегі ортақ әрекетті қолдауға бағытталған үш санатты қамтыды.

BOLASHAQ LEAGUE – технологияны меңгерумен қатар, бірлесіп ойлау, мәселені шешу, идеяны нақты жобаға айналдыру және әр баланың мүмкіндігін қолдау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған алаң. Сайыс жас ұрпақтың инженерлік әлеуетін ашуға және педагогтердің инновациялық тәжірибесін дамытуға үлес қосады.

«Бұл сайыс робототехника жасаудың қыр-сырынан хабардар болуға негіз болады. Соның арқасында әр баланың ішінде жатқан талантын ашу діттелді. Бұған дейін де өнертапқыш өрендер сұрыптау, өңдеу бағытында еңбектеніп көрді, нәтиже де бар. Бұндай сайыстар біліктілікті арттырып, жаңа технологияларды тез игеріп, кәделі іспен айналысуға септеседі», – деді информатика пәнінің мұғалімі Жасұлан Қабденұлы.

Айта кетейік, чемпионат қорытындысы бойынша үздік командалар мен жобалар анықталып, арнайы номинациялар бойынша марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада INTERPOL SUNRISE халықаралық операциясы өткізілді

Бүгін 11:30

Алматыда Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына орай ғалымның есімі ұлықталды

Бүгін 11:25

Астанада қандай инвестициялық жобаларға қолдау көрсетілді

Бүгін 11:04

Алматыда Қарасай батыр көшесінің бойында біртұтас жүргіншілер аймағы жасалып жатыр

Бүгін 10:23

Ұлттық дәстүрден заманауи дизайнға дейін: Алматыда қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 10:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);