AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Астанада қайтарылған активтер есебінен 1200 оқушығ...

Астанада қайтарылған активтер есебінен 1200 оқушыға арналған жаңа мектеп салынады

Білім және ғылым 14.08.2026, 16:31 268
Астанада қайтарылған активтер есебінен 1200 оқушыға арналған жаңа мектеп салынады
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңа білім беру нысаны елорданың «Нұра» ауданында бой көтеруде, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып жатыр. Осы мақсатта Астанада заманауи мектеп салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 7 млрд теңге бағытталды.

1200 оқушыға арналған жаңа білім беру нысаны елорданың «Нұра» ауданында бой көтеруде. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны келер жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Мектеп салу қажеттілігі халық санының өсуіне байланысты туындап отыр. Қазіргі уақытта құрылыс аумағында 4 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді, алайда оқушы орындарының тапшылығы бар. Жаңа нысан елордадағы №84, №85, №89 және №97 мектептерге түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы қайтарылған активтер азаматтар үшін практикалық маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға бағытталуда. Үкімет 610 млрд теңгеден астам сомаға 500-ден астам әлеуметтік жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Қаражат бүкіл ел бойынша білім беру, денсаулық сақтау, спорт және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салуға және жаңғыртуға бөлінуде. Білім беру саласында жалпы құны 64,4 млрд теңге болатын 17 жобаны жүзеге асыру мақұлданды. Бұл қаражат жаңа білім беру инфрақұрылымын салуға және балалар мен жастардың білім алуына заманауи жағдай жасауға бағытталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қайтарылған активтер #мектеп құрылысы #астана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-ші маусымның ашылуына орай «Мұра» open-air гала-концертін ұсынады

Бүгін 17:58

Алматыда ақын Оразақын Асқардың тұрған үйіне ескерткіш- тақта орнатылды

Бүгін 17:47

Дархан Сатыбалды мердігерлердің жұмысын бақылауды тапсырды

Бүгін 17:44

Мұхтар Әуезовтің туғанына 129 жыл

Бүгін 17:20

Алматыда KIOGE 2026 30-шы мерейлі халықаралық конференциясы мен көрмесі өтеді

Бүгін 17:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);