AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Астанада насыбай өндірісінің жасырын цехтары анықт...

Астанада насыбай өндірісінің жасырын цехтары анықталды

Әлеумет 01.04.2024, 08:16 1,213
Астанада насыбай өндірісінің жасырын цехтары анықталды
gov.kz

Елорданың барлық ауданында 18 наурыздан бастап вейп пен насыбайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша рейдтер жүргізілуде. Рейдтік іс-шаралар басталғаннан бері 800-ге жуық сауда орны тексерілді, шегілмейтін темекі өнімдерін 160-тан астам жасырын цехтары, (оның ішінде насыбай өндірісі де бар) анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Акцияның мақсаты – вейпке, темекі өнімдеріне және насыбайға тәуелді елорда тұрғындарының санын азайту.


Рейдке белгілі ММА жауынгері, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы Василий Тахтай қатысты.


«Біз білетіндей, бүгінгі таңда темекі өнімдері мен насыбайды пайдалану біздің қоғамда өзекті мәселе болып саналады. Бүгінде кәмелетке толмағандарға насыбай мен басқа да темекі өнімдерін заңсыз сатуды анықтау мақсатында рейд жүргізілуде. Біздің мақсатымыз – бұл мәселені жою және жастарды салауатты өмір салтына бағыттау», - деді Василий Тахтай.



Іс-шара барысында дүкен сатушыларына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.



«Осы жылдың 18-29 наурызы аралығында біз насыбай мен темекі өнімдерін заңсыз сатуды анықтау бойынша рейд жүргізіп жатырмыз. Іс-шара барысында Асфендияров, Әнет баба, Сығанақ, Р.Бағланов, Ұлы дала, Қайым Мұхамедаханов, Отырар және Үркер тұрғын алабы, Исатай батыр көшелерінде орналасқан №147 дүкен бойынша насыбай мен снюсті заңсыз сату бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 6 дүкен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 196-бабына сәйкес 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Нұра ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік бөлімінің маманы Бектемір Жолдасқажиев.



Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 15 наурызда Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Есірткі мен қазақстандықтардың денсаулығына зиянды басқа да заттардың зияны туралы айтқан болатын.Насыбай мен снюстің заңсыз таралуын анықтау бойынша рейдтер елорданың барлық аумағында жүргізілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #темекі #насыбай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);