AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Құрылтай ғылымды қаржыландыру жүйесін жетілдіруді...

Құрылтай ғылымды қаржыландыру жүйесін жетілдіруді ұсынды

Құрылтай Бүгін 11:45 35
Құрылтай ғылымды қаржыландыру жүйесін жетілдіруді ұсынды
t.me/quryltairesmi

Құрылтай депутаттары Жоғары аудиторлық палатаның ғылымды дамытуға бөлінген қаражаттың пайдаланылуына, жер қойнауын пайдаланушылардың міндетті аударымдары есебінен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру тетігінің жұмыс істеу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит туралы есебін қарау қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар ұсыным әзірледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, Үкіметке ғылыми жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерін – өтінімдерді қалыптастырудан, сараптамалық қорытындыларды келісу мен қараудан, шарт жасасудан бастап жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізуге дейінгі аралықты толық автоматтандыруды қамтамасыз ету ұсынылды.

Ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылын дамытуға ерекше назар аудару ұсынылып отыр. Ол үшін ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға бизнес-құрылымдарды тартуды, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелерін сынақтан өткізуге және іс жүзінде ендіруге кәсіпорындардың қатысуын қамтитын бірлескен жобаларды іске асыру тетіктерін әзірлеу қажет.

Ғылым және жоғары білім министрлігіне ұлттық экономика мен бизнестің қажеттіліктерін ескере отырып, ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың басым бағыттарын айқындау және қаражатты осы бағыттардағы зерттеулерді іске асыруға шоғырландыру ұсынылды.

Сонымен қатар ведомство ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың болжамдылығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етуі қажет. Ол үшін гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстарды уақтылы өткізу, өтінімдерге ғылыми сараптама жүргізуді ұйымдастыру және ғылыми жобаларды іске асыратын ұйымдармен шарттар жасасу маңызды.

Оқи отырыңыз: Алматыда бір түнде 36 мм-ге дейін жауын түсті: коммуналдық қызмет нөсер салдарын жойып жатыр

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғылым #қаржыландыру #құрылтай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Бүгін 12:03

Ақмола облысында су тасқынының алдын алу жобаларына 5,5 млрд теңге бөлінді

Бүгін 11:33

Алматыда бір түнде 36 мм дейін жауын түсті: коммуналдық қызмет нөсердің салдарын жойып жатыр

Бүгін 11:15

Қазақ тілінің орфографиясын жаңғырту қажет – Тоқаев

Бүгін 11:10

Қазақстандық боксшы Дакарда жартылай финалға шықты

Бүгін 10:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);