Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Астанада І халықаралық Құран жарысы өз мәресіне же...

Астанада І халықаралық Құран жарысы өз мәресіне жетті

Әлеумет 03.11.2023, 05:52 1,573
Астанада І халықаралық Құран жарысы өз мәресіне жетті
muftyat.kz

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күніне орай ұйымдастырған І халықаралық Құран жарысы өз мәресіне жетті. Жарыс жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Халықаралық жарысты қорытындылаған ҚМДБ Төрағасы ауқымды шараны ұйымдастыруға атсалысқан барша дін жанашырларына, қатысушы қариларға, қазылар алқасына алғысын білдірді.

«Алланың қалауымен, баршаңыздың жанашырлықпен жасаған қолдауларыңызбен Қазақ елінде тұңғыш рет ұлттық мерекеміз – Республика күніне орай өткен І халықаралық Құран жарысын жоғары деңгейде ұйымдастырдық. Аллаға сансыз шүкірлер, мақтау мен мадақтар болсын.



Қазақ халқында «Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шығады» деген нақыл сөз бар. Менің ойымша, сіздер әлемдегі ең үздік таңдаулы қарисыздар. Осы ретте лайықты жүлдеге ие болған барша қариларды құттықтаймын. Әрқайсыңыз марапатқа лайықсыздар.



Расында, қари үш жағдайда, яғни жаттаған Құранды ұстазына тапсыру, тарауық намазында имамдық ету, осындай жарыстарға қатысу арқылы Құранын пысықтай түседі. Сіздер екі күнге созылған халықаралық Құран жарысында Алланың сөзін тағы да пысықтай түсіп, жеңіске жеттіңіздер. Алла Тағала баршамызға Құран аяттарын толық жаттап, оған амал етуді жазғай. Құранның шапағатына бөленіп, екі дүние бақытына кенелейік. Әмин» деді Бас мүфти.



Бұдан кейін ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы І халықаралық Құран жарысына қазылық жасаған қари-ұстаздар – Осман Сахин (Түркия), Жахонгир Нематов (Өзбекстан), Махер Фарамауи (Мысыр Араб Республикасы), Абдулла Әли Әлхашми (Біріккен Араб Әмірілігі) және әділқазылар алқасының төрағасы Ерсін Әміреге алғыс хат табыстады.


Ал қазылар алқасының шешімімен елімізде тұңғыш рет өткен Құран жарысының жеңімпаздары төмендегідей:

І орын ($20 000) – Ильяс Хажри (Марокко Корольдігі) 


ІІ орын ($ 15 000) – Турпал-Али Садыков (Ресей Федерациясының Шешен Республикасы)


ІІІ орын ($ 7 000) – Малек Абдулла Албадин (Либия мемлекеті)


ІІІ орын ($ 7 000) – Сағд Салим (Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы)


ІV орын ($ 5 000) – Абдурахман Фараж Хафиз Барағи (Мысыр Араб Республикасы)


V орын ($ 3 000) – Мұхаммед Адиб бен Ахмет Разани (Малайзия)


Айта кетейік, Құран жарысы мүфтияттың төл «Munara TV» телеарнасынан, «Муфтият ҚМДБ» YouTube арнасынан, Діни басқарманың @muftiyatkz ресми инстаграм-парақшасынан тікелей эфир арқылы көрсетілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #Құран #ислам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика