конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Астанада Абай күні қалай атап өтіледі

Астанада Абай күні қалай атап өтіледі

Мәдениет Бүгін 11:04 27
Астанада Абай күні қалай атап өтіледі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

10 тамызда Қазақстанда ұлы ақын әрі ойшыл Абай Құнанбайұлы күні аталып өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Осы датаға орай Астанада әдеби-музыкалық кештерді, форумдарды, кітап көрмелерін, театр қойылымдарын, шығармашылық байқауларды, зияткерлік ойындарды және өзге де іс-шараларды қамтитын ауқымды мәдени-ағартушылық бағдарлама әзірленді.

Мерекелік іс-шаралар елорданың түрлі алаңдарында өтеді және Абайдың әдеби, музыкалық әрі рухани мұрасын насихаттауға, сондай-ақ өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулуға бағытталған.

6 тамыз күні сағат 10:00-де Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында «Жүрегімнің түбіне терең бойла…» атты әдеби-музыкалық кеш өтеді. Іс-шара барысында «Абайтану» ғылыми-ағартушылық орталығының жетекшісі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Алмахан Мұхаметқалиқызы Абай мұрасының рухани маңызы туралы айтып, ақын шығармашылығына қатысты қызықты деректермен бөліседі.

Әдеби бағдарлама аясында мектептің ұстаздары мен оқушылары Абай әндерін орындап, өлеңдері мен қара сөздерін оқиды.

Осы уақытта Тәттімбет атындағы №1 балалар өнер мектебінде «Көңілім әнді ұғады» шығармашылық алаңы жұмыс істейді. Іс-шара аясында өнер мектебінің дарынды оқушыларына Абай Құнанбайұлының мәдени және шығармашылық мұрасы таныстырылып, оның музыкалық шығармаларының мәні мен ұлттық мәдениеттегі орны түсіндіріледі.

Сондай-ақ сағат 10:00-де «Арқа Alan» ұлттық спорт түрлерін дамыту орталығында тоғызқұмалақтан «Арқа Alan кубогы» қалалық турнирі өтеді. Ал сағат 12:00-де №6 көпшілік кітапханада «Абайдың тылсым жолдары» атты поэзия сағаты ұйымдастырылады.

7 тамызда Р. Қошқарбаев даңғылы, 50 мекенжайындағы «Руханият» орталығында курс тыңдаушыларына ақынның қара сөздері мен өсиеттерін насихаттауға арналған «Абай әлемі» атты дөңгелек үстел өтеді. Осы күні Ш. Қосшығұлұлы көшесі, 8/1 мекенжайындағы «Руханият» орталығында «Ұрпаққа өнеге» тақырыбында Абай өлеңдерін талдау сабағы ұйымдастырылады.

Сағат 11:00-де №10 көпшілік кітапханада «Абай – ұлттың рухани темірқазығы» атты мәнерлеп оқу кеші өтеді. Сонымен қатар сағат 12:00-де №3 көпшілік кітапханада «Ұлы Абайдың әдеби мұрасы» атты кітап көрмесі ашылады. Осы уақытта №3 балалар кітапханасында «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты поэзия сағаты өтеді.

7-9 тамыз аралығында елордалық Арбатта «Әнді сүйсең, менше сүй» атты қазақ тіліндегі караоке ұйымдастырылады: 7 тамызда басталуы – сағат 20:00-де, 8 және 9 тамызда – сағат 19:00-де. Іс-шара барысында Абайдың әндері шырқалады.

8 тамыз күні сағат 12:00-де №6 балалар кітапханасында «Абай әлеміне саяхат» атты өлеңдерді мәнерлеп оқу іс-шарасы өтеді.

Осы күні сағат 18:00-де «Жетісу» саябағында Абай күніне арналған зияткерлік-ақпараттық акция ұйымдастырылады. Қатысушылар өз білімдерін сынап, қызықты викторинаға қатысып, қазақтың мақал-мәтелдерін білу деңгейін көрсетеді.

10 тамыз күні сағат 09:00-де Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.
Сол күні сағат 10:30-да Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Сөз өнері.

Жасампаз жас қалам» атты жас жазушылардың республикалық форумы ұйымдастырылады. Форумға аға буын қаламгерлер, әдебиет сыншылары, әдебиеттанушы ғалымдар, сондай-ақ Астана, Алматы, Ұлытау және Қарағанды облыстарынан келген жас ақындар мен жазушылар қатысады.

Сондай-ақ сағат 11:00-де №5 балалар кітапханасында «Қара сөзден ой түйген дана Абай» атты оқу кеші өтеді. Ал сағат 17:00-де қала әкімдігі алдындағы амфитеатрда «Желсіз түнде жарық ай» атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылады. Іс-шара аясында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ашық микрофон және ұлттық ойындардан турнирлер өткізіледі. Кеш барысында ұлы ойшылдың өлеңдері мен әндері дәстүрлі және заманауи үлгіде орындалады.

14 тамызда «Руханият» орталығында «Абай лирикасындағы табиғат» тақырыбында ашық сабақ өтеді. Сабақ барысында тыңдаушылардың сөздік қорын Абайдың «Жаз», «Күз», «Қыс» және «Жазғытұры» өлеңдері негізінде дамыту көзделген.

Сондай-ақ 18 тамыз күні Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайында «Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасы және рухани әлемі» атты ашық сабақ ұйымдастырылады.

2026 жылдың соңына дейін елорда тұрғындары мен қонақтары Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған театр қойылымдарын тамашалай алады.

«Қанаттылар» инклюзивті театрында «Abai-La» драмалық спектаклі, Жас көрерменнің музыкалық театрында «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы, ал Ә. Мәмбетов атындағы драма және комедия театрында «Жас Абай» және «45» спектакльдері сахналанады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай күні #астана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ALMA LOVE фестивалі аясында алматылық жас таланттар Арбатта өнер көрсетті

Бүгін 11:35

Абай облысында «Алакөл алаулары» фестивалі мәреге жетті

Бүгін 11:34

Алматыда ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар беруге конкурс жарияланды

Бүгін 10:39

Жетісуда полицейлер Алакөл жағалауында жоғалған 6 жасар қызды жедел тапты

Бүгін 10:27

Алматының Әуезов ауданында тұрғындардың ұсынысымен аулалар көркейтілді

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);