Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Астанада 2025 жылдың соңына дейін LRT-ны іске қоса...

Астанада 2025 жылдың соңына дейін LRT-ны іске қосады

Әлеумет 24.10.2024, 11:49 1,504
Астанада 2025 жылдың соңына дейін LRT-ны іске қосады
primeminister.kz

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов елордада жеңіл рельсті көлік (LRT) желісін салу жобасының барысын тексерді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек нысанның дайындық деңгейі мен мегаполистің көлік жүйесін одан әрі дамыту болашағы туралы баяндады.

Бүгінгі таңда LRT эстакадасының арқалықтарын төсеу кезеңі аяқталды. Стансалардың негізгі темірбетон конструкцияларын салу 2024 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Келесі жылы рельстерді төсеу, стансаларды әрлеу, жылжымалы құрамдарды жеткізетін депо құрылысын жүргізу, сондай-ақ Қабанбай батыр даңғылы мен Қалдаяқов көшесіндегі эстакадалық бөлікті абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Жеңіл рельсті желінің жалпы ұзындығы 22,4 км құрайды. LRT құрамына 18 станса кіреді. Жоспар бойынша, 652 адам сыятын 19 жылжымалы құрам іске қосылады. Қозғалыс аралығы 4-5 минутты құрайды. Алғашқы кезеңде тәулігіне 25 мың адам жолаушылар ағыны күтілсе, ең жоғары уақытта тәулігіне 92 мың адамға дейін жетуі мүмкін. Төлем жүйесі қалалық аналогы бойынша, көлік картасын валидациялау немесе QR-код арқылы төлеу арқылы жүзеге асырылады.

Премьер-министр стансалар аумағында құрылыс барысында қолданылатын технологиялық шешімдермен танысты.

Жобаны іске асыруға жоғары стандарттарымен танымал қытайлық жетекші компаниялар, атап айтқанда China Construction Sixth Bureau, Yunnan Construction and Investment Holding Group Co., Longjian Road and Bridge Co., Tianjin Rail Transit Group Co., CRRC Tangshan Co LTD. тартылған. Сондай-ақ CRSC International, CASCO және HUAWEI Smart Transport BU компаниялары көлік жүйесінің қауіпсіз әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр.

China Railway Asia-Europe Construction Investment қосалқы мердігер компаниясының бас директоры Чжоу Хайвэй инновациялық технологиялардың қолданылып жатқанын баяндады. Жоба аяқталғаннан кейін жеңіл рельсті желі бойымен жүргізушісіз пойыздар іске қосылады.

«City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаевтың айтуынша, барлық құрылыс жұмыстарын аяқтау және LRT-ны іске қосу 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған.

Олжас Бектенов жобаның сапасы мен іске асырылу мерзімдерін бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.

«Мемлекет басшысы еліміздің көлік жүйесін дамытуға үлкен көңіл бөлуде. LRT жобасы бойынша инфрақұрылымды дайындау үшін ауқымды жұмыс атқарылды, қаражат бөлінді. LRT қала тұрғындары мен елорда қонақтарына қызмет етеді. Құрылыс қарқыны артып келеді, оны бәсеңдетпеу маңызды. Жоба ең жоғары деңгейде жүзеге асырылуы тиіс. Әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар тарапынан бақылау күшейтілуі қажет. Біз нәтижеге бағытталамыз», — деді Премьер-министр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #LRT #Олжас Бектенов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Таксист әкім

Бүгін 12:43

Референдум күні Қазақстанда 585 нәресте дүниеге келді

Бүгін 12:23

Оразадан кейінгі тамақтану: мамандар қандай кеңес береді?

Бүгін 12:16

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қазақстандықтарды құттықтады

Бүгін 12:15

Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін 11:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика