конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Астана халықаралық әуежайында 2500-ден астам жолау...

Астана халықаралық әуежайында 2500-ден астам жолаушы өз рейсін күтіп отыр

Әлеумет 30.12.2023, 16:31 1,184
Астана халықаралық әуежайында 2500-ден астам жолаушы өз рейсін күтіп отыр
Сурет: ҚР_Көлік_министрлігінің_баспасөз_қызметінен

30 желтоқсан күні сағат 15:00 - 00:00 аралығында жалпы саны 29 рейсті орындау жоспарланған. Алайда, оның 21-і елордадағы қолайсыз ауа райына байланысты кешіктірілсе, 8 рейс кейінге қалдырылды. Қазір Астана халықаралық әуежайында 2500-ден астам жолаушы өз рейсін күтіп отыр.



Ауа райы салдарынан әуе жолдары кестесінің бұзылуына байланысты ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев жедел штаб құрып, Астана халықаралық әуежайына барлық әуекомпанияның өкілдерін жинады. Арнайы құрылған топ пен әуекомпания өкілдері жолаушылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сауалдарына жауап беріп жатыр.


Әуежайдағы жолаушылар үшін Terminals Astana Airport Management басшылығы 2 мыңнан астам порция ыстық тамақ пен ыстық сусын таратты. Рейстері кешіккен жолаушылардың арасында балалар мен жасөспірімдер бар. Оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін Аяз ата мен Ақшақар ойын ойнатып, жаңа жылдық сыйлықтар таратуда. Одан бөлек, Астана қаласының өнерпаздары рейсін күтіп отырған жолаушыларға арнап өнерлерін көрсетуде. Барлық жолаушылар ауа-райы қолайсыздығынан орын алған келеңсіздікке түсіністік танытып, барлық сұрақтарына жауап беріп, қажетті көмек көрсетіп жатқан мамандарға алғыстарын білдіріп жатыр.



Астана халықаралық әуежайының әуеайлағы ашық. Алайда әуеайлақтағы ауа райы әлі де ұшу және қону үшін қолайсыз. Сондықтан әуекомпаниялар рейстерін кешіктіру және кейінге қалдыру туралы шешім қабылдауда.


Әуежай жолаушыларға тәулік бойы қызмет көрсетеді. Егер Сіз 30-31 желтоқсан күндері ұшу жоспарлаған болсаңыз, рейсіңіздің статусын әуежайдың nn-airport.kz ресми сайтынан қарауға немесе 8(7172)702-999 нөмірі бойынша Call орталыққа хабарласуға болады


#ҚР_Көлік_министрлігінің_баспасөз_қызметі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #әуежай #Жолаушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ясауи мұрасына арналған қос кітап 4 тілде жарық көрді

Кеше 12:04

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Кеше 10:35

Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады

Кеше 09:05

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік науқан өтті

05.07.2026

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

05.07.2026
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);