AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Асқар Маминге денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамы...

Асқар Маминге денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту туралы баяндалды

Билік 21.06.2021, 09:14 1,743 Almaty-akshamy.kz.
Асқар Маминге денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту туралы баяндалды
Сурет:primeminister.kz.

Асқар Маминге денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту туралы баяндалды


ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Астана медицина университеті» КЕАҚ жанындағы Біріккен университет ауруханасының құрылыс алаңына барды. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың жаңа стандарттарын енгізу мәселелері қаралды, оларды мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында елімізде 20 ірі көпбейінді аурухана салу арқылы іске асыру жоспарланып отыр, деп хабарлады Almaty-akshamy. kz. ҚР Премьер-Министрдің сайтында жарияланған хабарға сілтеме жасап.


Олардың ішінде 4 клиника еліміздің жетекші медициналық университеттерінің жанынан салынатын болады, бұл ғылымды, білім беруді және емдеу процесін кешенді түрде дамытуға, клиникалық зерттеулердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осындай заманауи мекемелердің бірі «Астана медицина университеті» КЕАҚ жанындағы Біріккен университет ауруханасы болады. Медициналық орталық JCI халықаралық стандарттарына сай, 800 төсектік тәуліктік стационарды, күндізгі стационарды, консультациялық-диагностикалық кешенді, ғылыми-зерттеу және клиникалық зертханаларды, аудиториялар мен оқу сыныптарын қамтитын болады. Жобаны 2023 жылдың І тоқсанында іске асыру көзделген.




«Халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи медициналық инфрақұрылымның болуы еліміздің бүкіл денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту үшін түбегейлі мәнге ие. Алдымызда денсаулық сақтау инфрақұрылымын және медицина қызметкерлерінің біліктілігін жаңғырту бойынша ауқымды міндеттер тұр, бұл халыққа медициналық қызметтерді сапалы жаңа деңгейде көрсетуге жол ашады», — деді Асқар Мамин болашақ медицина орталықтарының шоу-румын тексеру кезінде.




Инспекциялық сапарға Премьер-Министрдің орынбасарлары Роман Скляр мен Ералы Тоғжанов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов қатысты.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#алкоголь #мажилис #реклама алкоголя #законопроект #Қазақстан #Нұрсұлтан #Мамин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті күшейту

Бүгін 19:27

Педагогтердің біліктілігін жүйелі арттыру және жасанды интеллект құзыреттерін дамыту

Бүгін 19:25

Жасанды интеллект педагогті қолдайтын құралы ретінде

Бүгін 19:21

Білім беруде жасанды интеллектті қолданудың бірыңғай стандарттарын енгізу

Бүгін 19:19

Шағын жинақты ауыл мектептеріне ерекше назар

Бүгін 19:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);