AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Шешім / Асқар Мамин: «Шекарадағы бақылауды күшейту керек»

Асқар Мамин: «Шекарадағы бақылауды күшейту керек»

Шешім 22.06.2021, 09:39 2,092
Асқар Мамин: «Шекарадағы бақылауды күшейту керек»
Сурет: 24.kz

Өйткені Қазақстандағы жағдай қалыпты болғанымен, көрші мемлекеттердегі жағдай күрделі күйінде қалып отыр.


Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Жалпы, санитариялық-эпидемиологиялық жағдай бақылауда. Ауруханалардағы орындардың жүктемесі 25 пайыз және жансақтау бөлімдерінде 21 пайызды құрап отыр. Елорда «қызыл» аймақта, вирус жұқтырғандар саны азаймай тұр. Бұл елордада қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін және вакцина салу қарқыны төмен екенін көрсетеді. Жалпы, өңірлердің басым бөлігі - «жасыл» аймақта, 5 өңір - «сары» аймақта», - деді Үкімет басшысы.



Оның дерегінше, бүгінгі күні 2,8 миллионнан астам адам бірінші компонентті, 1,7 миллионнан астам адам екінші компонентті салдырды.



«Өздеріңізге белгілі, елордада коронавирустың «дельта» штамына тән мутацияның ықтималдығы анықталып отыр. Оның таралу жылдамдығы өте жоғары, жылдам өршиді және салдары анағұрлым ауыр. Осы ретте бүгін Ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізуді және Нұр-Сұлтан қаласындағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаңдату бойынша іс-шараларды қабылдауды тапсырамын», - деді Премьер-Министр.



Асқар Маминнің айтуынша, қазіргі таңда жалпы Қазақстандағы жағдай қалыпты болғанымен, көрші мемлекеттердегі жағдай күрделі күйінде қалып отыр.


«Сондықтан мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту керек. Осы ретте санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуына және вакцинация қарқының өсіруге баса назар аудару қажет», - деді Үкімет басшысы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мини-погрузчик #смерть #происшествие #Қазақстан #шекара #Мамин #кви
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);