AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Шешім / Асқар Мамин РФ Үкіметінің Төрағасымен келіссөз жүр...

Асқар Мамин РФ Үкіметінің Төрағасымен келіссөз жүргізді

Шешім 02.11.2021, 16:37 1,090
Асқар Мамин РФ Үкіметінің Төрағасымен келіссөз жүргізді
Сурет: Рrimeminister.kz

Үкімет басшылары сауда-экономика, қаржы-инвестиция, транзиттік-көлік, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ химиясы, энергетика, ғарыш салаларындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын одан әрі арттыру перспективаларын, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация аясындағы жобаларды талқылады.


2021 жылғы 2 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrimeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сондай-ақ COVID-19 таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикалары үшін пандемия салдарын жою жөніндегі бірлескен шаралар қаралды. Асқар Мамин екі елдің ұлттық экономикаларының белсенді қалпына келуі аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қатынастар мен инвестициялық ынтымақтастық дамуының жоғары қарқынын атап өтті.



Осы жылдың 8 айында елдер арасындағы тауар айналымы $14,7 млрд дейін 27%-ға өсті. 2021 жылдың қорытындысы бойынша тараптар бұл көрсеткішті $20 млрд дейін жеткізуге ниетті. 2021 жылдың бірінші жартысында РФ-ның ҚР экономикасына тікелей инвестицияларының көлемі 17%-ға артып, $704,9 млн құрады. Қазақстанда Ресей капиталының қатысуымен 10 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді, бұл шетелдік қатысуы бар кәсіпорындардың жалпы санының 36,1%-ын құрайды. Өнеркәсіптік кооперация саласында $1,7 млрд сомасына 8 бірлескен ірі жоба іске асырылып жатыр.



РФ Үкіметінің Үйлестіру орталығында Асқар Мамин мен Михаил Мишустин көлік инфрақұрылымының озық дамуы, екі елдің транзиттік әлеуетін және аймақтық өзара көлік байланысын нығайту, оның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Солтүстік – Оңтүстік» дәліздері және ЕАЭО кеңістігіндегі басқа да бағыттар шеңберінде нығайту мәселелерін талқылады. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиевтің, РФ көлік министрі Виталий Савельевтің, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың және «РТЖ» ААҚ бас директоры – басқарма төрағасы Олег Белозеровтың баяндамалары тыңдалды.


Биылғы жылдың 9 айында Қазақстан мен Ресей арқылы Орталық Азия, Еуропа, Қиыр Шығыс бағыттарына 599,5 мың ЖФЭ тасымалданды, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 37%-ға артық. Қытай – Еуропа – Қытай бағытындағы транзиттік контейнерлік тасымалдар көлемі 493,5 мың ЖФЭ (+38%) құрады. Келіссөзге ҚР-ның РФ-дағы елшісі Ермек Көшербаев, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев және т. б. қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мамин #Мишустин #келіссөз #Ресей #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда колледждерге мемлекеттік тапсырыстың басым бағыттары бекітілді

Бүгін 12:16

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 12:03

Отбасы – бақыт мекені: Алматыда «Толағай жолы: Әке мен бала» эстафетасы өтті

Бүгін 12:00

Алматыда автобус парктеріне қойылатын экологиялық талаптар талқыланды

Бүгін 11:38

Алматылық дәрігерлер италиялық туристі аман алып қалды

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);