Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Асқар Мамин қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесі...

Асқар Мамин қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Өмір-өзен 16.12.2021, 04:24 1,723
Асқар Мамин қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Сурет: Рrimeminister.kz

Тарих үшін 30 жыл едәуір көп уақыт болмаса да, біз үшін бұл – егемен мемлекетіміздің қалыптасуының дербес жолы.


ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.


«Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын! 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдады.


Өткен жылдар ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлеуметтік-экономикалық даму жолында, мемлекеттілік пен халықаралық беделді нығайтуда елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыруға, елдегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтауға негізделген стратегиялық бағытты одан әрі жүзеге асырып келеді. Елімізде саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту жұмыстары жоспарлы түрде атқарылып жатыр.


Тарих үшін 30 жыл едәуір көп уақыт болмаса да, біз үшін бұл – егемен мемлекетіміздің қалыптасуының дербес жолы. Тәуелсіздік әрбір қазақстандықтың өз елі мен жерінің игілігі үшін атқарған қажырлы еңбегімен, дамыған және қуатты мемлекетте өмір сүруге деген ұмтылысымен нығая түседі. Көпұлтты Қазақстан күллі әлемге халқымыздың күші бірлікте екенін және алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге деген батыл ұмтылысында екенін көрсетті.


Барша қазақстандықты осы айтулы күн – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтаймын! Сіздерге Қазақстан Республикасының одан әрі өркендеуі жолында жаңа табыстар мен жетістіктерге қол жеткізуді тілеймін! Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мамин #Тәуелсіздік #мереке #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика