AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Асқар Мамин Нидерландының бизнес өкілдерімен кезде...

Асқар Мамин Нидерландының бизнес өкілдерімен кездесті

Билік 03.06.2021, 15:09 2,401
Асқар Мамин Нидерландының бизнес өкілдерімен кездесті
Сурет: Gov.kz

Тараптар АӨК саласындағы ынтымақтастықты дамыту келешегін талқылады.


Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Нидерландының жетекші компанияларымен АӨК жобаларын іске асыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Нидерландының жетекші агроөнеркәсіптік компанияларының – жылыжайлар, ауыл шаруашылығы жабдықтары, тұқымдар, өсімдіктерді биологиялық қорғау саласындағы әлемдік көшбасшы компаниялардың басшылығымен келіссөз өткізді.


Қазақстанға келген нидерландық бизнес делегациясының құрамына KUBO, Dutch Greenhouse Delta, Van der Hoeven Horticultural Projects, Certhon, Gakon, Koppert Biological Systems, Food Ventures, Hoogendoorn, Svensson, Priva, HVA International, Dalsem, Rijk Zwaan және т. б. өкілдері кірді.


 Тараптар АӨК саласындағы ынтымақтастықты дамыту келешегін, оның ішінде Қазақстанның жылыжай кешендерін, тұқым шаруашылығын және ауыл шаруашылығының басқа да секторларын дамытуда жиынтықты есептеулер, жасанды зерде және басқа да инновациялық технологияларды енгізу перспективаларын талқылады.


Келіссөз қорытындысы бойынша, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ, Қазақстанның картоп және көкөніс өсірушілер одағы, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ өкілдері, сондай-ақ бірқатар қазақстандық компаниялар Dutch Greenhouse Delta, Food Ventures, Rijk Zwaan, Solynta және Koppert Biological Systems-бен Қазақстанда жеміс-көкөніс шаруашылығы мен тұқымдық картоп өндірісін, өсімдіктерді биологиялық қорғау құралдарын дамыту, ҚР жылыжай кешендерін салу, Түркістан облысында демонстрациялық станция мен жоғары технологиялық-зерттеу орталығын салу бойынша бірлескен жобаларды іске асыруды көздейтін келісімдерге қол қойды.


 Аталған жобалар бойынша ҚР экономикасына салынған инвестициялардың жалпы сомасы 100 млрд теңгеден асады. Оларды іске асыру Қазақстанда жаңа сапалы жұмыс орындарын құруға, АӨК саласында озық технологиялар мен практиканы енгізуге, сондай-ақ Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін және экспорттық әлеуетін арттыруға жол ашады.


Нидерландтық компаниялардың өкілдері ҚР-ға сапары аясында Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласына өңірлердің басшылығымен және қазақстандық серіктестерімен бірлескен жобаларды іске асыруды егжей-тегжейлі талқылау үшін барады.


Қазақстанда нидерландтық капиталдың қатысуымен 900-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді, олар ҚР экономикасының энергетика, машина жасау, құрылыс, көлік-логистика және агроөнеркәсіп секторларында кеңінен ұсынылған.


Озық технологиялар мен агросекторды жүргізудің тиімді әдістерін пайдаланатын Нидерланды көшбасшы орынға ие және әлем бойынша АҚШ-тан кейін ауыл шаруашылығы өнімдерінің екінші ірі экспорттаушысы. 


Келіссөздерге Қазақстан тарапынан ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Нидерланд Корольдігіндегі ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Асқар Жұмағалиев, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Гүлмира Исаева, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қаныш Ізбастин, Нидерланды тарапынан ҚР-дағы елші Андре Карстенс қатысты.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#премьер-министр #Қазақстан #Нидерланды #бизнес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жыл басынан бері құрамында сынап бар 60 мыңға жуық қалдық жиналып, кәдеге жаратылды

Бүгін 10:07

Қазақстан Coursera-ның ЖИ және адами дағдыларды дамыту жөніндегі жаңа индексінде әлемде 55-орынға ие болды

Бүгін 10:05

Олимпиада чемпионы Ли Нин Алматыдағы спорт мектебіне барды

Бүгін 09:33

Мемлекет басшысы Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылуында сөз сөйледі

Кеше 22:15

Қазақстан, Өзбекстан және БАӘ Қазақстан – Өзбекстан – Ауғанстан – Пәкістан теміржол бағытын дамытуға ниетті

Кеше 21:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);