AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Әскери спортшы 500 шақырым жүгіріп, рекорд жасамақ

Әскери спортшы 500 шақырым жүгіріп, рекорд жасамақ

Спорт 03.05.2023, 12:40 1,455 Almaty-akshamy
Әскери спортшы 500 шақырым жүгіріп, рекорд жасамақ
Сурет: Ашық дереккөз

Сарбаз өзінің ультрамарафонын Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арнайды


Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Орталық спорт клубының әскери қызметшісі ефрейтор Бауыржан Әбдіхайым Балқаш қаласының маңындағы Ақжал ауылы маңынан ультрамарафонды бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алған бағыты Ақжал – Ақсу-Аюлы – Ақсу – Қарағанды – Осакаровка – Астана елді мекендері. Спортшының есебі бойынша ол өзіне күніне жүз шақырым жүгіруді міндеттеп отыр.


Орталық спорт клубы коменданттық взводының аға сарбазы Бауыржан Әбдіхайым өзінің ультрамарафонын Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арнайды. Алтыншы күні ол еліміздің бас қаласы – Астанаға жетемін деп отыр.


Әскери спортшы демеушілерге, оның ішінде марафонды тамақтандыруды және медициналық қолдауды ұйымдастырғаны үшін «Хан Сұлтан» спорт клубының өкілдеріне, қашықтықтағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.



– Марафон оңай болмасы анық. Дегенмен, менің міндетім – күшімді есеппен жұмсап, тапсырманы орындау. Ең бастысы, маған сенім білдіргендердің, тәлімгерлер мен әріптестердің үмітін ақтауға тырысамын, – деді спортшы.



Аталған ультрамарафонды Қазақстандық рекордтар кітабының өкілдері тіркейтін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сарбаз #Жүгіру #марафон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

Кеше 19:39

Дархан Сатыбалды Тәжікстанның Хатлон облысының төрағасымен кездесті

Кеше 19:35

Естелік-портрет: аудиториядан басталған эфир жолы

Кеше 19:26

Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады

Кеше 18:25

Қазақстандық жұмыс берушілердің кадрларға сұранысы өсуде

Кеше 18:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);