AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әскери қызметшілерге анонимді түрде көмек көрсетет...

Әскери қызметшілерге анонимді түрде көмек көрсететін Telegram-бот іске қосылды

Әлеумет 29.09.2025, 10:57 566 yakiya
Әскери қызметшілерге анонимді түрде көмек көрсететін Telegram-бот іске қосылды
Сурет: Gov.kz

Бот әскерилердің отбасыларына да күйзеліс және қиын жағдайларда тәулік бойы көмек көрсетуге арналған, деп хабарлайды aqshamnews.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Астанада әскери психологтар жиналысында жасанды интеллект негізінде әзірленген AI-sulu Telegram-боты таныстырылды. Бұл жаңа қызмет әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына күйзеліс және қиын жағдайларда тәулік бойы анонимді түрде көмек көрсетуге арналған.
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаевтың айтуынша, қазіргі заманның талаптары инновациялық цифрлық шешімдерді енгізуді қажет етеді.

"Психология – әскердің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етудің маңызды элементі. Әскери қызметшілермен және олардың отбасыларымен тиімді жұмыс істеу армияның моральдық күшінің негізі болып табылады", – деді Борамбаев.

Цифрлық кеңесші қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Оның басты артықшылығы – анонимділік пен тәулік бойы қолжетімділік.

"AI-sulu тірі маманның орнын алмастыра алмайды, бірақ ол қиын сәттерде алғашқы көмек көрсетіп, тыңдай отырып, қажетті кеңес пен ресурстарға бағыттай алады", – деді Ұлттық әскери-патриоттық орталығы ақпараттық бөлімінің бастығы майор Қасымхан Туитин.

Бұл тәжірибе әскери құраммен жұмыс істеуде өте пайдалы болатынын және әскери психология қызметі үшін жаңа әдістемелік материалдардың негізіне айналады деп күтіліп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #бот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);